Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістан облысында референдумды ұйымдастыру жұмыстары пысықталды

7 марта, 2026
in Басты жаңалықтар
0
Түркістан облысында референдумды ұйымдастыру жұмыстары пысықталды
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Орталық Референдум Комиссиясының төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды дайындау және өткізу мәселелері бойынша Түркістан облысының мемлекеттік органдары өкілдерімен және аудан-қалалық аумақтық референдум комиссиясы төрағаларымен кеңес өткізді.

Жиынға Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев, Түркістан облысы прокурорының орынбасары Дәулет Тлемисов, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаев, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары Асқар Сейсенов, Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан Қозыханұлы және облыстық, қалалық, аудандық аумақтық референдум комиссия төрағалары мен мүшелері қатысты.

Жиында сөз алған Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев облыс аумағында референдумге дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

“Референдум өткізуге 1 — облыстық, 17 — қалалық, аудандық аумақтық және 948 учаскелік референдум комиссиялары қатысатын болады. Облыстағы 948 референдум учаскелерінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешілген. Барлық учаскелер жиһазбен, ұйымдастыру техникасымен, байланыс құралдарымен жабдықталған, интернетпен, дауыс беруге арналған кабиналармен, урналармен қамтамасыз етілген. Референдум учаскелеріне бюллетеньдерді жеткізу, күзету, дауыс беру күні қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі және сайлаушыларды тасымалдау мәселелері пысықталды” деді өз баяндамасында.

Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Аңсар Өсербаев референдумға дайындық барысының ұйымдастырылуы туралы баяндады.

 

Өз кезегінде ҚР Орталық Референдум Комиссиясының төрағасының орынбасары Мұхтар Тілдәбекұлы жиынға қатысушыларға референдумды ұйымдастыру және өткізу жұмыстары туралы баяндады.

“Әрқайсыларыңыз алдағы саяси науқанның маңыздылығын жақсы түсінесіздер. Әсіресе, дауыс беру күні азаматтармен тікелей жұмыс жүргізетін референдум комиссияларының мүшелері өздерінің барлық әрекеттерін қатаң түрде Қазақстан Республикасының заңдарының негізінде жүргізуі тиіс.

Біздің басты міндетіміз – дауыс беруді заңнамаға сәйкес өткізу, электораттық науқанның барлық кезеңдерінде жариялылық пен ашықтықты, қоғамдық және өзге де қауіпсіздікті қамтамасыз ету” деп түйіндеді.

Атап өтейік, Түркістан облысында референдумды ұйымдастыру мен өткізуге барлығы 966 референдум комиссиясы жұмылдырылды: оның ішінде 18 аумақтық, 948 учаскелік жұмыс істейді.

Түркістан облысының жалпы халық саны 2 млн 154 мың адамды құраса, оның ішінде дауыс беру құқығына ие азаматтар саны – 1 187 257, бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең.

Алдыңғы пост

НЕКЕ ЕР АДАМ МЕН ӘЙЕЛДІҢ ЕРІКТІ ОДАҒЫ

Келесі жаңалық

КОНСТИТУЦИЯ ЕЛДІҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  
« Фев    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі