Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ҰЛТ САУЛЫҒЫ – ҰЛЫ БАЙЛЫҚ

13 марта, 2026
in Басты жаңалықтар
0
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ҰЛТ САУЛЫҒЫ – ҰЛЫ БАЙЛЫҚ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

♻️Жалпыұлттық коалиция өкілдерінің жаңа Конституцияның құқықтық нормаларына арналған кезекті түсіндіру кездесуі Сайрам ауданы, Қарабұлақ елді мекеніндегі «Әл-Каусар» медицина орталығында өтті. Жиынға медицина қызметкерлері, орталықта ем алып жатқан азаматтар және қоғамдық ұйым өкілдері қатысып, ел дамуының құқықтық негіздерін айқындайтын жаңа конституциялық өзгерістердің мәні кеңінен талқыланды.
Санаторлық-курорттық үлгідегі стационарлық медициналық қызметтер көрсететін орталықта өткен кездесуге Түркістан облыстық мәслихатындағы фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Саидирасулхан Ералиев, саяси партиялардың өкілдері Қуаныш Сыздықов, Бейбіт Биназаров, Сайрам аудандық мәслихатының депутаты Мухиддин Сиддиқов қатысты. Жиында Конституция мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласын реттейтін негізгі құжат екеніне баса мән берілді. Әсіресе, азаматтардың өмір сүру құқығы, денсаулық сақтау қызметіне қолжетімділік және әлеуметтік кепілдіктер мәселелері Ата заң жобасында ерекше орын алатыны айтылды.
♻️Орталықтың медицина персоналымен ашық пікір алмасу алаңын жүргізген Қуаныш Сыздықов, денсаулық сақтау саласы халықтың әл-ауқатын айқындайтын маңызды бағыттардың бірі екеніне тоқталып, жаңа Конституцияда азаматтардың сапалы медициналық көмек алуға кепілдік беретін құқықтық нормалардың маңызы зор екенін айтты. Осы мәселе жөнінде пікір білдірген Бейбіт Биназаров, конституциялық реформалардың негізгі мақсаты – әділетті, әлеуметтік бағыттағы мемлекет қалыптастыру екенін атап өтті. Заң үстемдігі мен адам құқықтарын қорғау қағидаттары қоғамның тұрақты дамуының берік негізі бола алатынын жеткізді.
Жаңа Конституция жобасының ең басты ерекшелігі мен құндылығы –оның адамға бағдарланған сипатында екенін Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Саидирасулхан Ералиев айтты. Адам және оның құқықтары мемлекеттік саясаттың өзегі болып бекігеніне назар аударды. Ал Сайрам аудандық мәслихатының депутаты Мухиддин Сиддиқов конституциялық реформа адам құқықтарын қорғау нормаларын халықаралық озық тәжірибелерге сәйкестендіріп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтетінін мәлімдеді.
Жиында қорытынды сөз алған Түркістан облыстық мәслихатының фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, жаңа Конституция жобасының 1-бабында Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екендігі нақтыланғанын айтты. Бұл қағидат 32-баптағы азаматтардың денсаулығын сақтауға құқығының болуы, заңда каөзделген ретпен медициналық көмекті ақы төлемей алуға құқылы деген талаптармен кепілдендірілгенін жеткізді.
«- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанның әлеуметтік саясаты орнықты дамып келеді. Бюджеттегі әлеуметтік шығыстар тұрақты түрде жоғары деңгейде сақталып отыр. Мәселен, 2025 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік салаға 9,3 триллион теңге бағытталды. Бұл жалпы шығыстардың 36,5 пайызын құрайды. Конституцияда бекітілген әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебені осыдан-ақ байқауға болады. Соңғы жеті жылда елімізде денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсетуге бөлінген қаржы 3,7 есеге өсті. Осы кезеңде еліміз бойынша медициналық мекемелердің саны 830-ға дейін артты, ал дәрігерлердің саны 83 мыңнан асты. Түркістан облысында жаңа медицина нысандарының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Облысымызда 2024 жылы 49 медициналық нысан пайдалануға берілсе, 2025 жылы барлығы 36 жаңа медицина нысандары іске қосылды. Ал, 2026 жылы тағы 20 денсаулық сақтау нысаны салынады деп жоспарланған», — деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.
Пікір алмасулар барысында жаңа Конституция жобасында азаматтардың денсаулығын қорғау, сапалы медициналық көмекке қол жеткізу және әлеуметтік кепілдіктерді нығайту мәселелеріне ерекше мән берілгені жан-жақты айтылды. Коалиция мүшелері орталық қызметкерлерін ел болашағы үшін маңызды референдумға белсенді қатысып, жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырды. Бірлесе қабылданған шешім тұрақты даму мен қоғам игілігінің берік негізі боларына сенем артты.

#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#новаяКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз

Алдыңғы пост

ТУРКЕСТАН: СОВЕТНИК ПРЕЗИДЕНТА МАЛИК ОТАРБАЕВ ВСТРЕТИЛСЯ С ЖИТЕЛЯМИ ОРДАБАСИНСКОГО РАЙОНА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  
« Фев    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі