Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

КӨРІСУ МЕРЕКЕСІ ЖАСТАРДЫҢ БАСЫН ҚОСТЫ

14 марта, 2026
in Uncategorized
0
КӨРІСУ МЕРЕКЕСІ ЖАСТАРДЫҢ БАСЫН ҚОСТЫ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Көктемнің шуақты күндерімен қатар келетін 14 наурыз – Көрісу күні – татулық пен ізгі ниеттің мерекесі. Ұлттық салт-дәстүрге негізделген бұл игі дәстүрден қала жастары да тыс қалған жоқ.
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының қатысуымен «Көрісу эстафетасы» форматындағы іс-шара өтті.
Мерекелік шарада ұлттық нақыш ерекше сезілді. Шекелік тағып, әсем нымша киген қыздар мен қазақы қамзол киген жігіттер қазақы көрік беріп, жиналған көпшіліктің назарын аударды. Жастардың ұлттық киіммен жүруі соңғы кездері сәнге айналды. Көз қуантып, көңіл көшітеді.

Шараға Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, Шымкент университеті және Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы студенттері белсене қатысып, ұлттық ойындар мен мәдени бағдарламалар арқылы мерекенің сәнін келтірді.

Жастар асық атып, арқан тартысты. Сонымен қатар сахна төрінде әсем ән шырқалып, ұлттық би биленіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мерекелік думан жастардың бірлігін арттырып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін тағы бір мәрте көрсетті.

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Жансерік Жұман жиналған қауымды мерекемен құттықтады.

-Көрісу күні халқымыздың береке-бірлігі мен татулығын дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күн адамдардың бір-біріне ізгі тілектер айтып, өткен өкпе-ренішті ұмытып, жаңа үмітпен қауышатын сәті. Осындай игі дәстүрді жастардың жалғастырып, ұлттық құндылықтарды насихаттауы – қуантарлық жағдай, — деді ол.

Мерекелік кездесу соңында жастар бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектерін айтып, наурыз көжеден дәм татып, көктемнің шуақты күніне сай көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

Алдыңғы пост

КӨКСАЙ: ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ҮЙЛЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫН КӨШІРУ ЖАЛҒАСУДА

Келесі жаңалық

КӨРІСУ КҮНІ – ІЗГІЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  
« Фев    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі