Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

23 марта, 2026
in Басты жаңалықтар
0
ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

▪️Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл игі шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы шеңберінде қолға алынды.

▪️Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келген «Мөлдір бұлақ» экоакциясының мәні ерекше. Себебі, Ұлыстың ұлы күні – жаңару мен тазалықтың, табиғаттың қайта түлейтін кезеңі. Осыған орай, Наурызнаманың Тазару күні аясында Түркістан облысының шығыс қақпасы саналатын Түлкібас ауданында табиғатты қорғауға бағытталған ауқымды экологиялық іс-шара өтті.

▪️Табиғаты көркем, Қаратау мен Алатаудың түйіскен тұсында орналасқан Түлкібас өңірі – мөлдір бұлақтар мен өзендердің мекені. Мұнда жеті өзен бастау алып, жүзге жуық бұлақ көзі халық игілігіне қызмет етуде. Бұл табиғи байлық – өңірдің тыныс-тіршілігінің негізі.

▪️Экологиялық акцияға облыс әкімі Нұралхан Көшеров бастаған өңір басшылығы, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер және белсенді жастар қатысып, ортақ іске жұмыла кірісті. Акция барысында «Әулие бастау» бұлағының көзі тазартылып, айналасы абаттандырылды. Сонымен қатар табиғат көркін арттыру мақсатында бұлақ маңына ағаш көшеттері отырғызылды. Облыс әкімі өз сөзінде бұл бастаманың маңыздылығына тоқталып өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгінгі Үндеуінде: «Республика аумағында «Мөлдір бұлақ» бастамасын жаппай жүзеге асыру қолға алынды. Бұл жоба аясында бұлақтардың көзін ашып, тал егу, жағалаулар мен су айдындарын, аулалар мен саябақтарды тазалау жұмыстары жалғаса береді», дей келе «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына ресми түрде бастау берді. «Мөлдір бұлақ» акциясы – тек бір күндік шара емес, бұл – болашақ ұрпаққа таза табиғат қалдыру жолындағы жүйелі жұмыс. Бүгінде су тапшылығы – барлық өңірге ортақ мәселе. Сондықтан бұлақ көздерін сақтау, оларды тұрақты түрде тазалау және тиімді пайдалану – баршамыздың міндетіміз. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген халқымыздың даналығы осы бастаманың мәнін айқындайды. Бүгінгі акцияға облыс бойынша 1500 адам қатысуда. Жалпы, алдағы уақытта өңірдегі 1500-дей бұлақтың көзін ашамыз, – деді Нұралхан Көшеров.

«Әулие бастау» бұлағы – 1940 жылдан бері халық игілігіне қызмет етіп келе жатқан маңызды су көзі. Бүгінде ол Жыланды және Көкбұлақ өзендері арқылы Арыс өзеніне құйып, бірнеше ауылдың егістік алқаптары мен тұрғын үйлерін сумен қамтамасыз етуде. Атап айтқанда, 45 гектар суармалы жер, 30 гектар егістік және 120-дан астам үй осы бұлақтың игілігін көруде.

▪️Жалпы, Түлкібас ауданында 59 елді мекеннің 49-ы ауыз суды табиғи бұлақ көздерінен тұтынып отыр. Сонымен қатар 111 канал арқылы 13 832 гектар ауыл шаруашылығы жері ағын сумен қамтамасыз етілуде. Бұл – табиғи су көздерінің өңір үшін стратегиялық маңызға ие екенін көрсетеді.

▪️Айта кету керек, бұл күні экологиялық акция облыстың барлық аудандарында бір мезетте ұйымдастырылып, оған 1500-ге жуық адам қатысты. Ал «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында өңір бойынша 1,3 миллионға жуық тұрғын қатысып, 1 миллионнан астам ағаш көшеттері отырғызылған. Бұл жұмыстар жалғасады.

▪️Алдағы уақытта бұлақ көздерін сақтау мақсатында заманауи тәсілдер енгізіліп, соның ішінде цифрландыру элементтері – QR-кодтар орнату жоспарлануда. Бұл бұлақтар туралы ақпарат алуды жеңілдетіп, халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.
Қорытындылай келе, «Мөлдір бұлақ» акциясы – табиғатты қорғау ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, қоғамның экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру бағытындағы маңызды қадам. Осындай игі бастамалар жалғасын тауып, еліміздің әр өңірінде кеңінен жүзеге аса беретіні сөзсіз.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы пост

Президент: «Озық елдердің негізгі қозғаушы күші – білімді, ақылды, еңбекқор, ұқыпты адамдар»

Келесі жаңалық

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді көпір

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  
« Фев    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі