Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан облысының индустриялық аймақтарында 100-ге жуық инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр

8 апреля, 2026
in Uncategorized
0
Түркістан облысының индустриялық аймақтарында 100-ге жуық инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында индустрияландыру бағытындағы жұмыстар қарқын алып, өңір экономикасын әртараптандыруға серпін беруде. Бүгінде облыс аумағында жалпы көлемі 1 961,3 гектарды құрайтын 21 индустриялық аймақ құрылған. Бұл алаңдарда өндірістік жобаларды шоғырландыру арқылы инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңірдің өндірістік әлеуетін арттыру көзделген.

Қазіргі таңда индустриялық аймақтарда жалпы құны 132,3 миллиард теңгені құрайтын 98 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Аталған жобалар толық іске асқанда 6 001 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Бұл – өңірдегі жұмыспен қамту мәселесін шешуде маңызды көрсеткіштердің бірі.

Бүгінде бұл жобалардың бір бөлігі нақты нәтижесін бере бастады. Атап айтқанда, 59,8 миллиард теңгеге 55 жоба іске қосылып, нәтижесінде 3 454 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал қалған 72,6 миллиард теңгені құрайтын 43 жоба жүзеге асырылу сатысында. Олар толық аяқталған жағдайда қосымша 2 547 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Аталған мәселелер Нұралхан Көшеров төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде кеңінен талқыланды. Жиын барысында индустриялық аймақтардың қазіргі жағдайы сараланып, олардың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылды. Облыс басшысы кейбір аудан, қала әкімдерінің жұмысына сын айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.

– Біздің мақсатымыз – инвестиция тарту арқылы экономиканы әртараптандыру, өндірісті дамыту және халықты жұмыспен қамту. Осы бағыттағы жұмысты жүйелі әрі нәтижелі жүргізу қажет. Жер және инфрақұрылым мәселелерін жедел шешіп, инвесторлар тарту жұмысын күшейтіңіздер, – деді Нұралхан Көшеров.

Индустриялық аймақтарда жүзеге асырылып жатқан жобалар өңір экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар салаларды қамтиды. Олардың қатарында жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік өндірісі, құрылыс индустриясы, пластмасса бұйымдарын шығару, машина жасау, металлургия, дайын металл өнімдерін өндіру және жиһаз өндірісі бар. Бұл салалардың дамуы өңірдің өндірістік құрылымын нығайтып, ішкі нарықты отандық өніммен қамтуға мүмкіндік береді.

Жиында Нұрлыбек Исаев баяндама жасап, индустриялық аймақтардың экономикалық көрсеткіштеріне тоқталды. Оның мәліметінше, өткен жылы индустриялық аймақтардағы кәсіпорындар 26,2 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Ал бюджетке түскен салық көлемі 1,7 миллиард теңгені құраған. Бұл көрсеткіштер аталған аймақтардың өңір экономикасына қосып отырған нақты үлесін айқындайды.

Сонымен қатар индустриялық инфрақұрылымды дамытуға 12,4 миллиард теңге жұмсалған. Нәтижесінде бюджеттен бөлінген әрбір 1 теңгеге 10,7 теңге көлемінде жеке инвестиция тартылған. Бұл – мемлекеттік қолдаудың тиімділігін көрсететін маңызды көрсеткіш.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жаңа Түркістан-2 индустриялық аймағы құрылып, оның аумағындағы 150 гектар жер телімін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жаңа алаң болашақта ірі инвестициялық жобаларды тартуға және өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жиын барысында индустриялық аймақтардағы өзекті мәселелер де назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, жер телімдерін рәсімдеу, инфрақұрылым тарту, инженерлік желілерді дамыту және инвесторлармен жұмысты жандандыру мәселелері талқыланып, оларды шешудің нақты жолдары ұсынылды.

Қорытындылай келе, Түркістан облысында индустриялық аймақтарды дамыту – өңір экономикасының өсуінің негізгі драйверлерінің бірі. Инвестициялық жобаларды жүйелі жүзеге асыру арқылы жаңа өндірістер ашылып, мыңдаған жұмыс орындары құрылуда. Бұл өз кезегінде халықтың әл-ауқатын арттырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді.

Алдыңғы пост

«Закладка» есірткілерін немесе оларды таратумен айналысатын тұлғаларды анықтаған кездегі әрекет алгоритмі

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Инвестициялық жобаларды қолдау меморандум жасалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі