Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КЕШЕНДІ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

10 апреля, 2026
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КЕШЕНДІ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғау бағытындағы жұмыстар биыл ерте басталып, кең көлемде ұйымдастырылуда. Әсіресе үйірлі шегірткеге қарсы күрес науқаны өңірдің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты басымдықтардың біріне айналып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында жүзеге асырылуда.

Мамандардың мәліметінше, соңғы жылдары орын алған құрғақшылық салдарынан шегірткелердің көбеюіне қолайлы жағдай қалыптасқан. Осыған байланысты өңірде зиянкестерге қарсы күрес шараларын күшейту, олардың таралу аймақтарын дер кезінде анықтау және алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Облыс әкімі жұмыс сапары барысында Келес ауданына арнайы барып, шегірткеге қарсы күрес шараларының барысымен танысты. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сәкен Қаныбеков, аудан әкімдері, салаға жауапты мамандар мен мердігер ұйым өкілдері қатысып, атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады.

Сапар барысында өңір басшысына зиянкестерге қарсы қолданылатын арнайы техникалар мен химиялық препараттар таныстырылып, шегіртке шоғырланған ошақтарда жүргізіліп жатқан өңдеу жұмыстары көрсетілді. Нұралхан Көшеров жауапты тұлғаларға жұмысты сапалы әрі уақытылы атқару қажеттігін қатаң тапсырды.

Аймақ басшысы атап өткендей, шегірткеге қарсы күрес – уақытпен санаспайтын, аса жауапты жұмыс. Бұл тек ауыл шаруашылығы өнімдерін қорғау ғана емес, сонымен қатар өңірдің экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды міндет. Сондықтан барлық аудан мен ауылдық округ деңгейінде үйлесімді және нәтижелі жұмыс ұйымдастыру талап етіледі.

Биылғы науқанның басты ерекшеліктерінің бірі – заманауи технологиялардың кеңінен қолданылуы. Атап айтқанда, дрондар мен авиация көмегімен жүргізілетін химиялық өңдеу жұмыстары тиімділікті арттырып, уақытты үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр. Нәтижесінде жүргізілген шаралардың биологиялық тиімділігі 85–95 пайызға дейін жеткен.

Жалпы алғанда, 2026 жылы Түркістан облысында 421,5 мың гектар аумақ шегірткеге қарсы химиялық өңдеумен қамтылмақ. Оның ішінде италиялық прусқа қарсы 4,9 мың гектар, азиялық шегірткеге қарсы 7,1 мың гектар және ең қауіпті түрлердің бірі саналатын мароккалық шегірткеге қарсы 362,1 мың гектар жер өңделеді.

Күрес шараларына 2 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Олардың қатарында фитосанитариялық инспекторлар, болжам орталығының мамандары, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері, ветеринария және табиғатты қорғау саласының өкілдері, сондай-ақ уақытша жұмысшылар бар. Жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында өңір 65 аймаққа бөлініп, әрқайсысында арнайы жұмыс топтары құрылған. Жедел штаб Келес ауданының Бірлік ауылдық округінде орналасқан.

Сонымен қатар, күрес шаралары тек химиялық өңдеумен шектелмей, агротехникалық әдістермен де толықтырылуда. Атап айтқанда, 2,2 мың гектар аумақта жер жырту жұмыстары жүргізіліп, бұл тәсіл зиянкестердің көбеюін 35–50 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Алдын алу шаралары аясында 1 миллион гектардан астам аумақта мониторинг жүргізу жоспарланған. Бұл шегірткелердің таралу аймақтарын ерте кезеңде анықтап, дер кезінде шара қабылдауға мүмкіндік береді.

Техникалық қамтамасыз ету де күшейтілген. Өңдеу жұмыстарына 400-ден астам жер үсті бүріккіш техника, ауыл шаруашылығы дрондары мен ұшақтар, 1000-нан астам аспалы бүріккіш құралдар тартылған. Сонымен қатар 72 су тасымалдаушы көлік пен 48 арнайы дала жағдайына арналған палатка қарастырылған.

Жалпы алғанда, Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес жұмыстары кешенді әрі үйлесімді түрде ұйымдастырылып, барлық қажетті ресурстар толық жұмылдырылған. Бұл шаралар өңірдегі фитосанитариялық ахуалды тұрақты ұстап тұруға, ауыл шаруашылығы өнімдерін қорғауға және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Алдағы міндет – барлық жоспарланған жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтап, зиянкестердің таралуына жол бермеу. Мамандардың пікірінше, жүйелі және ғылыми негізде жүргізілген шаралар нәтижесінде өңірдегі шегіртке мәселесін тиімді бақылауда ұстауға толық мүмкіндік бар.

Алдыңғы пост

Шымкентте «ShymSafe360» жобасын іске асыру мәселесі талқыланды⁣⁣

Келесі жаңалық

Қаратау ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық шарасы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі