Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қазақстан

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ КЕПІЛІ

14 мая, 2026
in Қазақстан, Қоғам
0
ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ КЕПІЛІ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Заң үстемдігі орнықпай, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұл – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты шарты», – деп атап өткен болатын. Аталған ұстаным бүгінде қоғам үшін аса маңызды бағыттардың біріне айналып отыр. Себебі құқықтық мемлекет қалыптастыру жолында халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру – уақыт талабынан туындаған маңызды міндет. Осыған орай Түркістан облысы, Созақ ауданында тұрғындардың құқықтық және қаржылық мәдениетін арттыруға бағытталған мазмұнды семинар-кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық білім деңгейін көтеру, қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру және интернет-алаяқтықтың алдын алу.

Кездесу барысында қатысушыларға несие рәсімдеу тәртібі, қаржылық міндеттемелерді тиімді басқару, алаяқтық әрекеттерден қорғану жолдары, сондай-ақ азаматтардың заң аясындағы құқықтарын қорғау тетіктері жан-жақты түсіндірілді. Практикалық мысалдар мен өмірлік жағдайлар арқылы берілген ақпарат тұрғындардың ерекше қызығушылығын тудырды. Семинарға арнайы шақырылған сарапшылар қатарында «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша үйлестірушісі, заңгер Жандос Әзімбай, «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, заңгер-кеңесші Ролан Қонысбеков, сондай-ақ PhD доктор, доцент, психолог Салтанат Асанова болды. Мамандар өз салалары бойынша маңызды ақпараттар ұсынып, тұрғындардың сауалдарына нақты жауап берді. Сарапшылар құқықтық және қаржылық сауаттылық – әр азаматтың жеке қауіпсіздігі мен қоғам тұрақтылығының негізі екенін атап өтті. Сонымен қатар, қаржылық сауатсыздықтың тек экономикалық қиындықтарға ғана емес, психологиялық күйзеліс пен әлеуметтік мәселелерге де әсер ететіні кеңінен айтылды. Іс-шара соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кәсіби мамандардан нақты кеңестер алды. Қатысушылар мұндай ашық форматтағы кездесулердің қоғам үшін маңызы зор екенін айтып, алдағы уақытта да осындай танымдық әрі пайдалы іс-шаралардың тұрақты ұйымдастырылуына қолдау білдірді.

Tags: АФМЗаң мен тәртіпТүркістан облысыҚаржылық саауаттылық
Алдыңғы пост

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Апр    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі