Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістан: Ордабасыдағы Жайылма ауылы табиғи газға қосылды

23 апреля, 2026
in Басты жаңалықтар
0
Түркістан: Ордабасыдағы Жайылма ауылы табиғи газға қосылды
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданында инфрақұрылымды дамыту және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Соңғы жылдары аудан көлемінде елді мекендерді табиғи газбен қамтуға ерекше көңіл бөлініп, нәтижесінде көптеген ауылдар көгілдір отын игілігін көре бастады. Осындай маңызды жобалардың бірі – Төрткүл ауыл округіне қарасты Жайылма ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары толық аяқталып, тұрғындар көптен күткен қуанышқа кенелді.

Жайылма ауылында өткен салтанатты іс-шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков, мердігер мекеме – Евро-Құрылыс ЖШС өкілдері, ауыл ақсақалдары мен жергілікті тұрғындар қатысты. Жиын барысында ауыл тұрғындары үшін аса маңызды әлеуметтік жобаның жүзеге асуы кеңінен айтылып, көпшілік қуанышпен қарсы алды.

Қазіргі таңда ауылдағы 60 абонент табиғи газ жүйесіне қосылып үлгерген. Бұл тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп қана қоймай, экологиялық ахуалды жақсартуға да оң әсерін тигізбек. Бұған дейін көмір мен отын жағып келген ауыл халқы енді көгілдір отынның тиімділігін пайдаланатын болады. Табиғи газдың келуі әсіресе қыс мезгілінде тұрғындардың шығынын азайтып, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.

Салтанатты шара барысында аудан әкімі Азат Оралбаев тұрғындарды маңызды оқиғамен құттықтап, мемлекет тарапынан ауылдарды дамытуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Оның айтуынша, ауылдарды газдандыру – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған басым жобалардың бірі.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Жайылма ауылына табиғи газдың берілуі – тұрғындардың өмір сапасын арттыру жолындағы нақты қадам. Алдағы уақытта да аудан көлемінде мұндай жұмыстар жалғасын табады, – деді аудан басшысы.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары да қуаныштарын жасырмай, көптен күткен игіліктің жүзеге асуына үлес қосқан азаматтарға алғыстарын білдірді. Ауыл ақсақалдары табиғи газдың келуі жас ұрпақтың болашағы үшін маңызды екенін айтып, ел игілігі жолындағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Жайылма ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету жобасының нәтижесінде Ордабасы ауданындағы газдандыру деңгейі 77,2 пайызға жетіп отыр. Бұл көрсеткіш ауданда инфрақұрылымдық жобалардың қарқынды жүзеге асып жатқанын аңғартады. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта ауданның өзге де елді мекендерін табиғи газбен қамту жұмыстары жалғасады.

Табиғи газдың ауылға келуі – тек тұрмыстық жағдайды жақсарту ғана емес, сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да серпін беретін маңызды қадам. Мұндай жобалар ауыл халқының өмір сүру деңгейін көтеріп, елді мекендердің дамуына тың мүмкіндік ашатыны сөзсіз.

Алдыңғы пост

Түркістан облысында 50 мың басқа арналған ауқымды ферма салынып жатыр

Келесі жаңалық

Түркістанда 600 жұмыс орнын ашатын ірі өндірістік парк салынып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі