Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗІ

20 мая, 2026
in Басты жаңалықтар, Экономика, Қазақстан
0
ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗІ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Заң үстемдігі орнықпай, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұл – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты шарты», – деп атап өткен болатын. Президент айқындаған бұл міндет бүгінгі қоғам үшін аса өзекті бағыттардың біріне айналып отыр. Себебі құқықтық мемлекет қалыптастыру жолында халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру – уақыт талабынан туындаған маңызды қажеттілік. Осы бағыттағы жұмыстар аясында Түркістан облысы, Арыс қаласында тұрғындардың құқықтық және қаржылық мәдениетін қалыптастыруға арналған мазмұнды семинар-кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық білімін арттыру, қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу және қоғамда заңға деген құрметті күшейту. Кездесу барысында тұрғындарға несие рәсімдеу тәртібі, қаржылық міндеттемелерді тиімді басқару, жеке қаржыны жоспарлау, алаяқтық әрекеттерден қорғану жолдары, сондай-ақ азаматтардың заң аясындағы құқықтарын қорғау тетіктері кеңінен түсіндірілді. Әсіресе соңғы жылдары жиілеп кеткен интернет-алаяқтық, жалған несие рәсімдеу, онлайн қаржы пирамидалары секілді қауіптердің алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Практикалық мысалдар мен өмірлік жағдайлар негізінде ұсынылған ақпарат қатысушылардың қызығушылығын арттырып, еркін пікір алмасу алаңына ұласты. Семинарға арнайы шақырылған сарапшылар қатарында «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша үйлестірушісі, заңгер Жандос Әзімбай, «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, заңгер-кеңесші Ролан Қонысбеков, сондай-ақ PhD доктор, доцент, психолог Салтанат Асанова болды. Мамандар өз салалары бойынша маңызды әрі пайдалы ақпараттар ұсынып, тұрғындардың көкейіндегі сауалдарға нақты жауап берді. Сарапшылардың айтуынша, құқықтық және қаржылық сауаттылық – тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негізі. Қаржылық сауатсыздық азаматтарды түрлі экономикалық қиындықтарға ұрындырып қана қоймай, психологиялық күйзеліске, әлеуметтік мәселелердің туындауына да әсер етеді. Сондықтан халық арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу – қоғамның әл-ауқатын арттырудың маңызды тетігі. Іс-шара соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кәсіби мамандардан нақты кеңестер алды. Қатысушылар мұндай ашық форматтағы кездесулердің қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтіп, алдағы уақытта да құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған танымдық әрі пайдалы іс-шаралардың жалғасуына қолдау білдірді.

Tags: АФМЗаң мен тәртіпНұралхан КөшеровТүркістанТүркістан облысыҚаржылық саауаттылық
Алдыңғы пост

«AMANAT»: ДВОРЕЦ «QYZGALDAQ» ПРИДАЛ НОВЫЙ ИМПУЛЬС КУЛЬТУРНОЙ ЖИЗНИ ШЫМКЕНТА

Келесі жаңалық

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Апр    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі