Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес жұмыстары күшейтілді

27 апреля, 2026
in Басты жаңалықтар
0
Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес жұмыстары күшейтілді
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғау және фитосанитариялық тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Әсіресе көктемгі кезеңде ауыл шаруашылығы дақылдарына қауіп төндіретін марокколық шегірткеге қарсы күрес шаралары күшейтіліп, өңірдің бірнеше ауданында ауқымды мониторинг және химиялық өңдеу жұмыстары қолға алынған.

Мамандардың мәліметінше, бүгінгі күнге дейін облыс аумағында марокколық шегіртке дернәсілдеріне қарсы 546 мың 451 гектар жер зерттелген. Зерттеу нәтижесінде 176 мың 473 гектар аумақта зиянкестің таралу деңгейі экономикалық зияндылық шегінен асқаны анықталған. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен өнім көлеміне кері әсер етуі мүмкін болғандықтан, тиісті мекемелер жедел түрде нақты іс-шараларды қолға алған.

Қазіргі уақытта шегіртке қоныстанған жеті ауданда тұрақты бақылау және мониторинг жұмыстары жалғасып жатыр. Әсіресе Ордабасы ауданы, Шардара ауданы, Бәйдібек ауданы, Сауран ауданы және Қазығұрт ауданы аумақтарында зиянкестерге қарсы күрес шаралары күшейтілген.

Осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіру мақсатында облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков арнайы мәжіліс өткізді. Жиынға Сарыағаш ауданы, Жетісай ауданы, Арыс және Келес ауданы әкімдіктерінің басшылары мен сала мамандары қатысты.

Жиын барысында өңірдің фитосанитариялық ахуалы жан-жақты талқыланып, әр аудан бойынша нақты көрсеткіштер ұсынылды. Мамандардың баяндамасына сәйкес, Арыс қаласы аумағында аса қауіпті секторлар тіркелмегенімен, 11 сектор тұрақты бақылауда ұсталып отыр. Ал 6 сектордың қауіптілік деңгейі төмен деп бағаланған.

Келес ауданында шегірткеге қарсы жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды. Аудандағы 6 секторда жағдайға ерекше назар аударылып, қосымша бақылау жүргізілуде. Сонымен бірге 13 секторда химиялық өңдеу жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылып жатыр.

Ал Сарыағаш ауданында зерттелген жер көлемі 111 мың 200 гектарды құраған. Оның ішінде 46 мың 720 гектар аумақта үйірлі шегірткенің таралу деңгейі экономикалық зияндылық шегінен асып кеткені анықталған. Осыған байланысты 22-секторға қосымша күш пен техника жұмылдыру қажеттігі көтерілді. Мамандардың айтуынша, қалған 17 секторда жағдай тұрақты бақылауда тұр.

Жиында тек шегірткеге қарсы күрес шаралары ғана емес, өңірдегі экологиялық және аграрлық мәселелер де кеңінен қаралды. Атап айтқанда, көмірмен жылытылатын жылыжайларға сүзгі орнату мәселесі күн тәртібіне шығарылды. Бұл бағытта арнайы жедел жұмыс тобы құрылған. Оның құрамына басқарма өкілдері, Сарыағаш ауданы әкімдігі, жылыжай қауымдастығы мүшелері мен қоғам белсенділері енген.

Жұмыс тобының негізгі міндеті – жылыжай иелеріне экологиялық талаптарға сай келетін тиімді сүзгі түрлерін ұсыну. Қазіргі таңда сүзгілерді сынақтан өткізу жұмыстары басталып кеткен. Бұл бастама қоршаған ортаға таралатын зиянды қалдықтарды азайтуға және экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған.

Сонымен қатар мәжілісте су үнемдеу технологияларын енгізу барысында туындаған мәселелер де талқыланды. Түркістан облысы – ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған өңірлердің бірі болғандықтан, су ресурстарын тиімді пайдалану аса маңызды мәселелердің қатарында тұр. Осыған байланысты жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар беріліп, орындалу мерзімдері белгіленді.

Жиын қорытындысында облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков аудан басшыларына шегірткеге қарсы күрес жұмыстарының сапасын жеке бақылауға алуды тапсырды. Әсіресе анықтаушылар санын көбейту, арнайы техникаларды секторлар арасында тиімді үйлестіру және жедел әрекет ету шараларын күшейту қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Мамандардың пікірінше, шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізу ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтап қалуда маңызды рөл атқарады. Себебі зиянкестердің жаппай таралуы егістік алқаптарына орасан шығын келтіруі мүмкін. Сондықтан өңірде фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты жалғасады.

 

Алдыңғы пост

Түркістанда жол жөндеу жұмыстары қарқын алып, көлік инфрақұрылымы жаңарып жатыр

Келесі жаңалық

Түркістанда «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Апр    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі