Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістан облысында жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысына бақылау күшейтілді

30 апреля, 2026
in Басты жаңалықтар
0
Түркістан облысында жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысына бақылау күшейтілді
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында жер қойнауын пайдалану саласындағы бақылау шаралары күшейтіліп, заңсыз өндіру фактілерінің алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл мәселе облыс әкімдігінде өткен арнайы жиында талқыланды.

Қазіргі таңда өңір аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын 221 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. Олардың 75-і жер қойнауын пайдалану келісімшарты негізінде жұмыс істесе, қалған 146-сы лицензия арқылы қызмет атқаруда. Бұл көрсеткіш облыстағы жер қойнауын игеру саласының ауқымды екенін және соған сәйкес бақылау тетіктерін күшейту қажеттігін көрсетеді.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек төрағалық етіп, саладағы өзекті мәселелерді көтерді. Ол әсіресе заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерінің алдын алу, анықталған «қызыл нүктелерге» бақылауды күшейту және жауапты органдардың үйлесімді жұмыс істеуі маңызды екенін атап өтті.

Оның айтуынша, әрбір мәселенің артында өңірдің экономикасы, жергілікті тұрғындардың әл-ауқаты және заңды жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлердің мүддесі тұр. Сондықтан бюрократиялық кедергілерді азайтып, заң аясында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қолдау көрсету қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар заңсыз әрекеттерге қатаң шара қолдану, жүйелі мониторинг жүргізу және рейдтік тексерістерді тұрақты түрде ұйымдастыру тапсырылды.

Жиын барысында өңірдегі өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму саласына жауапты басқарма басшысы Нұрлыбек Исаев баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, жер қойнауын пайдаланушылардың есептілігіне тұрақты талдау жүргізілуде. Міндеттемелерін толық орындамаған кәсіпорындарға ескерту беріліп, кемшіліктер белгіленген мерзімде түзетілмеген жағдайда олардың қызметін тоқтату шаралары қарастырылатыны айтылды.

Сонымен қатар маркшейдерлік қызметті күшейту мақсатында мемлекеттік сатып алу арқылы арнайы конкурс өткізіліп, жеңімпаз анықталған. Осы бағытта тиісті келісімшарт жасалып, жер қойнауын пайдаланушылардың кен орындарын нақты зерделеу жұмыстары жоспарға енгізілді. Алдағы уақытта, әсіресе Сайрам ауданында орналасқан кен орындарына мамандардың қатысуымен кешенді тексерулер жүргізу көзделіп отыр.

Өңірде жер телімдерін заңдастыру және жүйелеу жұмыстары да қатар жүргізілуде. Осы мақсатта арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жер пайдаланудың құқықтық негізін реттеу қолға алынған.

Бұдан бөлек, заңсыз жер қойнауын пайдалану деректерін анықтау үшін жүргізілген зерделеу жұмыстары нәтижесінде 22 «қызыл нүкте» тіркелген. Талдау барысында олардың 15-і жеке тұлғалардың иелігіндегі жерлерде орналасқаны анықталса, ал қалған 6 аумақ аудан әкімдіктерінің ортақ жайылым жерлеріне тиесілі екені белгілі болды. Бұл жағдай жер ресурстарын пайдаланудағы бақылаудың әлі де күшейтуді қажет ететінін көрсетеді.

Жиын соңында облыс әкімі тапсырмаларының орындалу барысы қайта пысықталып, жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктелді. Әрбір бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстар тұрақты бақылауда болатыны ескертілді.

Алдыңғы пост

Сарыағаш ауданында жаңа өсімдік майы зауыты іске қосылды: 1 млрд теңгелік инвестициялық жоба өңір экономикасына серпін береді

Келесі жаңалық

«БІРЛІК ДАСТАРХАНЫ»: ШЫМКЕНТТЕ БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫ НАСИХАТТАҒАН ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Апр    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі