Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістанда «Digital Jastar: Цифрлық қоғам. Заң мен Тәртіп» форумы өтті

24 мая, 2026
in Басты жаңалықтар, Экономика, Қоғам
0
Түркістанда «Digital Jastar: Цифрлық қоғам. Заң мен Тәртіп» форумы өтті
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен AMANAT партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және заманауи технологиялардың қоғамдағы рөлін түсіндіруге бағытталған «Digital Jastar: Цифрлық қоғам. Заң мен Тәртіп» форумы өтті.

Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам белсенділері, жастар ұйымдарының мүшелері, студенттер мен ерікті жастар қатысты. Сондай-ақ іс-шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбетәлиев, «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Акерке Нұрғалиқызы Искандерова және Қазақстан КВН Одағының төрағасы Есентүгел Баймұханбетұлы Елеукен қатысып, жастармен ашық форматта пікір алмасты.

Іс-шара барысында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Темірболатұлы Балғабаев сөз сөйлеп, қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, интернет-алаяқтықтың алдын алу және жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше тоқталды.

Өз сөзінде департамент басшысы цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы қоғам өмірінің барлық саласына әсер етіп отырғанын атап өтіп, интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлерден қорғану үшін жастардың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттырудың маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар интернет-алаяқтық, қаржы пирамидалары, заңсыз қаржылық схемалар және дропперлік қызметтің қоғамға тигізетін зардаптары туралы айтып, жастарды заң мен тәртіп қағидаттарын берік ұстануға, қаржылық шешімдер қабылдау кезінде қырағылық танытуға шақырды.

Форум аясында робототехника және инновациялық стартаптар көрмесі ұйымдастырылып, қатысушыларға жас өнертапқыштар мен жастардың цифрлық жобалары таныстырылды. Көрмеде заманауи технологиялар, робототехникалық құрылғылар, IT-жобалар мен инновациялық бастамалар ұсынылып, жастардың ғылым мен технология саласына қызығушылығын арттыруға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ форум барысында цифрлық қоғамды дамыту, ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жастардың қоғамдық белсенділігі мен заманауи технологияларды тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Қатысушылар спикерлерге өз сұрақтарын қойып, өзекті тақырыптар бойынша еркін пікір алмасты.

«Digital Jastar: Цифрлық қоғам. Заң мен Тәртіп» форумы жастар арасында цифрлық мәдениетті қалыптастыруға, қаржылық және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бағытталған маңызды диалог алаңына айналды.

Tags: TurkistanАманатАФМЖастарЗаң мен тәртіпТүркістан облысы
Алдыңғы пост

ТУРКЕСТАНЕ ОБЛАСТИ ВРУЧИЛИ АВТОМОБИЛЬ ОБЛАДАТЕЛЮ ГРАН-ПРИ КОНКУРСА «ПАРАД МУЗЕЕВ»

Келесі жаңалық

ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ЖОЛ АШЫҚ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі