Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Таным

ШЫМКЕНТТЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ДӘРІПТЕГЕН «ЭКОЛОГ САҒАТЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

5 июня, 2026
in Таным, Қазақстан
0
ШЫМКЕНТТЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ДӘРІПТЕГЕН «ЭКОЛОГ САҒАТЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық күні мен Эколог күніне орай «Эколог сағаты» республикалық акциясы ұйымдастырылды. М.Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжінің базасында өткен іс-шараға эколог мамандар, табиғат қорғау ұйымдарының өкілдері, педагогтер мен колледж студенттері қатысты.

Акция Шымкент қаласы білім басқармасының қолдауымен «Экология, өлкетану және туризм орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және М.Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжінің бірлескен ұйымдастыруымен өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыту және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының құндылықтарын насихаттау.

Жиынның ашылуында Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанат Уәлиханова қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, қоршаған ортаны қорғау ісінде жастардың белсенділігінің маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында Шымкент қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы Еркін Қозыбаев «Қазіргі экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасап, өңірдегі экологиялық ахуал мен өзекті мәселелер туралы кеңінен ақпарат берді.
Сондай-ақ, «Мирас» колледжінің студенті Елдос Аширалиев «Таза табиғат және саналы қоғам: қоқысты сұрыптау арқылы экологияны сақтау» тақырыбындағы жобасын таныстырса, Авиценна атындағы жоғары медициналық колледжінің студенті Айдана Барыс эковолонтерлік қозғалыстың қоғамдағы рөлі жөнінде ой бөлісті.

Бағдарлама аясында өткен «Экологтан сұра» ашық диалог алаңы қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Студенттер табиғатты қорғау саласының мамандарына көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, экологиялық мәселелер бойынша пікір алмасты.

Іс-шараның қорытынды бөлімінде «Таза Қазақстан: сұрыпта, сақта, қорға!» атты экологиялық квиз ұйымдастырылып, қатысушылардың экологиялық сауаттылығы мен білім деңгейі сынға түсті.

«Экология, өлкетану және туризм орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ұлжан Қамытбекованың айтуынша, мұндай акциялар жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

– Бүгінгі таңда экологиялық мәдениет қалыптастыру – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Табиғатты қорғау тек мамандардың ғана емес, әр азаматтың ортақ жауапкершілігі болуы тиіс. Осындай іс-шаралар арқылы жастардың экологиялық білімін арттырып қана қоймай, оларды нақты әрекетке, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға баулимыз. Бұл – «Таза Қазақстан» бастамасының негізгі мақсаттарымен үндесетін маңызды жұмыс, – деді Ұлжан Жайлауқызы.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, акция жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, табиғатты қорғау мәселелеріне деген қызығушылықты күшейтуге және қоғамда экологиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Іс-шара соңында белсенді қатысушылар марапатталды.

«Шымкент келбеті»

Tags: «Таза Қазақстан»Шымкент
Алдыңғы пост

ТАҒДЫР ТАУҚЫМЕТІН ЖЕҢУГЕ МҮМКІНДІК БЕРГЕН ОРТАЛЫҚ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: МАМАНДАР ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі