Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

«Ulttyq Ónim – 2026»: Түркістан облысының 30-ға жуық кәсіпорны өңірдің өндірістік әлеуетін таныстырды  

25 мая, 2026
in Басты жаңалықтар
0
«Ulttyq Ónim – 2026»: Түркістан облысының 30-ға жуық кәсіпорны өңірдің өндірістік әлеуетін таныстырды  
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биылғы көрме ауқымы жағынан өткізілу тарихындағы ең ірі көрме ретінде ерекшеленуде. Түркістан облысының 30-ға жуық кәсіпорны «Ulttyq Ónim – 2026» көрмесінде өңірдің өндірістік әлеуетін таныстырды. Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында отандық өндірушілердің IX жыл сайынғы «Ulttyq Ónim – 2026» көрмесі өтті. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан көрмеде еліміздің барлық өңірлерінен 600-ден астам шағын және орта бизнес субъектісі өз өнімдерін таныстырды. Биылғы көрме ауқымы жағынан өткізілу тарихындағы ең ірі көрме ретінде ерекшеленді. Аталған көрмеге Түркістан облысынан 25 кәсіпорын қатысып, өңірде өндірілетін өнімдердің кең ауқымын көпшілік назарына ұсынды. Түркістан облысының кәсіпорындары көрме аясында өңірдің өндірістік және экспорттық әлеуетін паш етіп, отандық өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетті. Қатысушылар қатарында азық-түлік өндірісі саласындағы табиғи шырын, сүт және шұжық өнімдерін, газдалған сусындар мен балмұздақ өндіретін кәсіпорындар бар. Сонымен қатар құрылыс материалдары, кабель өнімдері, металл конструкциялары, химиялық өнімдер мен арнайы жұмыс киімдерін шығаратын кәсіпорындар да өз өнімдерін ұсынды. Атап айтқанда, көрмеде «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС табиғи алма шырынын, «AYKAN» ЖШС «Эмир» ірімшігін, «ҚАРҚЫН-2030» ЖШС шұжық және ет өнімдерін, «Шораев» ЖК арнайы қорғаныш аяқ киімдерін, «Нұр-Агро 73» ЖШС мақта өнімдерін, «BEIBARS BOTTLERS» компаниясы RC Cola сусындарын, «Балмуздак» ЖШС «Ленгерское» балмұздағын, «QazEcoPack» ЖШС скотч және стрейч-пленка өнімдерін, «QAZAQ BITUM Processing» компаниясы битум өнімдерін, «Trans Cable» ЖШС кабель өнімдерін, «Quraq Group» ЖШС жұмсақ жиһаз өнімдерін және өзге де кәсіпорындар өз өнімдерін таныстырды. Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қатысып, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің құттықтау хатын оқып берді. Құттықтау мәтінінде Мемлекет басшысының шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше назар аударып отырғаны, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік шаралардың жүйелі түрде жалғасатыны атап өтілді. Бүгінде Түркістан облысында өндіріс саласын дамыту, импортты алмастыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және экспорттық әлеуетті арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. «ULTTYQ ÓNIM – 2026» көрмесі өңір кәсіпкерлері үшін жаңа серіктестер табуға, өнім өткізу нарығын кеңейтуге және инвестициялық мүмкіндіктерді арттыруға мүмкіндік береді. Көрме аясында панельдік сессиялар, нетворкинг алаңдары, тәжірибе алмасу және B2B-кездесулер ұйымдастырылды.

Сондай-ақ франчайзинг, команда қалыптастыру, салық салу және бизнесте жасанды интеллектіні пайдалану тақырыптарында тегін шеберлік сабақтары өткізілді. Бұдан бөлек, келушілер үшін танымал әртістер мен блогерлердің қатысуымен концерттік бағдарлама, «Халық таңдауы» онлайн-байқауы және арнайы сыйлықтар ұтысы ұйымдастырылған. Айта кетейік, «Ulttyq Ónim» – мемлекеттік қолдау алған қазақстандық компаниялардың тауарлары мен қызметтерін таныстыруға және ілгерілетуге бағытталған ірі көрме алаңдарының бірі. Көрмеде азық-түлік өнімдері, құрылыс материалдары, химия өнеркәсібі, машина жасау, медициналық өнімдер, жиһаз, арнайы киімдер мен қаптама өнімдері ұсынылды. 2025 жылдың өзінде Үкімет тарапынан «Даму» қоры арқылы бизнесті дамытуға 560 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Нәтижесінде жалпы несие көлемі 2,2 трлн теңгені құрайтын шамамен 13 мың жобаға қолдау көрсетілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, 143 мыңнан астам жұмыс орны сақталды. Сонымен қатар кәсіпорындар тарапынан 27,7 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, бюджетке шамамен 2 трлн теңге көлемінде салық түсімдері түсті.

 

Алдыңғы пост

ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ЖОЛ АШЫҚ

Келесі жаңалық

Түркістанда Президент телерадиокешенінің кинолекторийі өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі