Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістан мен Гуйчжоу провинциясы арасында байланыс орнатылды

28 мая, 2026
in Басты жаңалықтар
0
Түркістан мен Гуйчжоу провинциясы арасында байланыс орнатылды
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде өңірде Қытай капиталының қатысуымен жалпы құны 148 млрд теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Гуйчжоу провинциясынан келген ресми делегациямен кездесті . Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек Қытай Халық Республикасының Гуйчжоу провинциясынан келген ресми делегациямен кездесті. Делегацияны Гуйчжоу провинциясының шетелмен достық жөніндегі халық қоғамы төрағасының орынбасары Хун Цзян бастап келді. Кездесу барысында тараптар өңіраралық ынтымақтастықты нығайту, инвестиция тарту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, цифрлық технологиялар, туризм және өндіріс салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Қанат Қайыпбек меймандарға алғыс білдіріп, Түркістан облысының инвестициялық әлеуетін таныстырды. – Түркістан облысымен бауырластық қарым-қатынас орнатуға танытқан қызығушылықтарыңыз біз үшін ерекше маңызға ие. Бүгінгі таңда өңірімізде шетелдік инвесторлардың табысты жұмыс істеуі үшін барлық қолайлы жағдайлар мен мемлекеттік қолдау тетіктері толық жасалған. Қытай мен Еуропа елдері арасындағы құрлықтық жүк тасымалының 85%-ы Түркістан облысының аумағы арқылы өтетін «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық транзит дәлізіне тиесілі. Мұнымен қоса, Орталық Азия өңірін Ресей және Сібір аймағымен байланыстыратын стратегиялық теміржол магистральдары да біздің облыс арқылы өтеді. Ал заманауи Түркістан халықаралық әуежайы жылына 3 миллионға дейін жолаушы ағынын сапалы қамтамасыз етуге толық қауқарлы. Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігі аясында біздің өңірде жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін 180 миллионнан астам тұтынушысы бар ауқымды нарық ашық. Бұл нарықта тауарлардың, қызметтердің және капиталдың еркін қозғалысы қамтамасыз етілген, сондай-ақ кедендік баж салығы қолданылмайды. Бүгінгі таңда облыста инвесторларға қажетті инженерлік-коммуникациялық желілері толық тартылған жер учаскелерін ұсынатын 21 индустриалды аймақ қызмет көрсетеді. Сонымен қатар шағын өнеркәсіптік парктер бар. Өңірде жоғары технологиялық және терең өңдеу өндірісін жолға қоятын жобалар үшін «Turan» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеп тұр – деді әкім орынбасары. Гуйчжоу провинциясының шетелмен достық жөніндегі халық қоғамы төрағасының орынбасары Хун Цзян Түркістан қаласының көркі мен туристік әлеуетін жоғары бағалады. Ауыл шаруашылығы, туризм, көліктік-логистика, білім, сауда және өзге де салалар бойынша әріптестік орнатып, инвестиция салуға мүдделі екенін жеткізді. Кездесу соңында тараптар өңіраралық байланысты жаңа деңгейге көтерудің маңызын атап өтті. Алдағы уақытта екі өңір арасында бауырластық туралы келісімге қол қою бастамасы көтеріліп, осы бағытта жұмыстар жүргізілетін болды. Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік қарқынды дамып келе жатыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 48,7 млрд АҚШ долларына жеткен. Оның ішінде Түркістан облысының үлесі 684,3 млн АҚШ долларын құрады. Бүгінде өңірде Қытай капиталының қатысуымен жалпы құны 148 млрд теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

 

Алдыңғы пост

Мақтааралдағы стратегиялық маңызы бар көпір жаңартылуда

Келесі жаңалық

Түркістан өңірінің даму динамикасына жоғары баға берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі