Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: Еңбек қатынастарының ашықтығы мен азаматтардың әлеуметтік қорғалуын күшейту мәселелері кеңінен талқыланды

10 июня, 2026
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: Еңбек қатынастарының ашықтығы мен азаматтардың әлеуметтік қорғалуын күшейту мәселелері кеңінен талқыланды
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Түркістан облысында еңбек құқықтарын қорғау, еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз ету және жұмысшылардың әлеуметтік қауіпсіздігін күшейту бағытындағы өзекті мәселелерге арналған маңызды жиын өтті. Кездесуді облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өткізді.

Жиын барысында өңірде электронды еңбек шарттарын тіркеу, міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы аудару және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру мәселелері жан-жақты қаралды. Сондай-ақ аталған бағыттар бойынша нақты көрсеткіштер сараланып, орындалу барысы талқыланды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан Қозыханұлы Өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалуы жөнінде баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда 663 мекеме 1314 азаматтың еңбек шарттарын электронды жүйеге енгізген. Дегенмен бұл бағыттағы жұмыстар Бәйдібек, Созақ аудандары мен Кентау қаласында әлі де жеткіліксіз деңгейде орындалуда.

Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) аудару бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Жауапты мамандар аудан-қалаларда жұмыс берушілерге құқықтық және әдістемелік түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып жатыр. Нәтижесінде 1–7 маусым аралығында 1920 заңды тұлға 9612 қызметкер үшін зейнетақы жарналарын аударған.

Жалпы өңір бойынша 30 мыңнан астам азаматты міндетті зейнетақы төлемдерімен қамту жоспарланған. Бұл бағыт азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға және еңбек қатынастарының заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жиында сондай-ақ қызметкерлерді өндірістік жазатайым оқиғалардан сақтандыру мәселесі де қаралды. Қазіргі таңда облыста 387 мекеме сақтандыру шарттарын рәсімдеген. Алайда Келес, Жетісай және Мақтаарал аудандарында бұл бағыттағы жұмыстардың жеткіліксіз екені атап өтілді.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков еңбек қатынастарын заңдастыру мен әлеуметтік қорғау жүйесін күшейтудің маңыздылығына тоқталып, бірқатар нақты тапсырмалар берді. Ол еңбек шартын жасамаған, зейнетақы жарналарын аудармаған немесе сақтандыру шартын рәсімдемеген жұмыс берушілерге заң аясында тиісті шаралар қолданылатынын ескертті.

Сондай-ақ аудан-қала әкімдерінің жауапты орынбасарларына көрсеткіштері төмен өңірлерде жұмысты күшейту, түсіндіру жұмыстарын арттыру және еңбек заңнамасының сақталуын қатаң бақылауға алу тапсырылды.

Жиын қорытындысында өңірде еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз ету, жұмысшылардың әлеуметтік құқықтарын қорғау және заң бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатыны атап өтілді.

Алдыңғы пост

Бекзат Саттарханов туралы түрік тіліндегі кітап жарық көрді

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: Жетісай ауданында кәсіпкерлік, өндіріс және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобалар кең көлемде жүзеге асырылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі