Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Нұралхан Көшеров Қытайда халықаралық бизнес өкілдерімен келіссөздер жүргізді

10 июня, 2026
in Басты жаңалықтар
0
Нұралхан Көшеров Қытайда халықаралық бизнес өкілдерімен келіссөздер жүргізді
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тараптар Түркістан облысында флоат-шыны өндіретін және кварц құмын өңдейтін ірі өндірістік кешен салу жобасын талқылады. Нұралхан Көшеров Қытайда халықаралық бизнес өкілдерімен маңызды келіссөздер жүргізді. Түркістан облысының инвестициялық көкжиегі кеңеюде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Қытай сапары аясында халықаралық жетекші өнеркәсіптік және энергетикалық компанияларының өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, өңір экономикасының жаңа даму мүмкіндіктерін талқылады. Алдымен Kibing Group компаниясының басшылығымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Компания құрылыс саласына арналған флоат және энергия үнемдейтін шыны өнімдерін, электрондық құрылғыларға арналған арнайы шыныларды, күн энергетикасында қолданылатын фотоэлектрлік шыныларды, сондай-ақ фармацевтикалық салаға қажетті жоғары сапалы шыны өнімдерін өндірумен айналысады. Тараптар Түркістан облысында флоат-шыны өндіретін және кварц құмын өңдейтін ірі өндірістік кешен салу жобасын талқылады. Облыс әкімі инвесторлармен бұған дейін де кездесулер өткізіп, жобаны жүзеге асыру мәселелері жан-жақты қаралған еді. Бұл жоба өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып қана қоймай, құрылыс материалдары өндірісін дамытуға, импортқа тәуелділікті азайтуға және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге жол ашады. Сонымен қатар жаңа өндіріс орны жүздеген тұрақты жұмыс орындарын құрып, жергілікті мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға ықпал етпек. – Аталған жоба Түркістан облысының ғана емес, тұтас еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, жоғары қосылған құны бар өнімдер өндірісін дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға елеулі үлес қосады. Түркістан облысы кварц құмы қоры бойынша Қазақстандағы әлеуеті зор өңірлердің бірі саналады. Сондықтан шыны өнеркәсібін дамытуға барлық мүмкіндік бар. Бүгінде елімізде шыны өнімдеріне деген сұраныс артып келеді. Түркістан облысы қолайлы инвестициялық ахуалға, қажетті инженерлік инфрақұрылымға және білікті еңбек ресурстарына ие. Облыс әкімдігі жобаны іске асыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Сіздермен ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді әріптестік орнатып, аталған жобаны бірлесіп жүзеге асырамыз деп сенемін, – деді Нұралхан Көшеров. Инвестор Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері мен қолайлы бизнес ахуалын ерекше атап өтті. – Түркістан облысының жалпы инвестициялық мүмкіндіктері мен қолайлы бизнес ахуалы бізді ерекше қызықтырды. Өңірдің стратегиялық орналасуы, инфрақұрылымдық әлеуеті және мемлекеттік қолдау тетіктері ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай қалыптастырып отыр. Біз өзара тиімді серіктестікті дамытуға бар күшімізді саламыз, – деді компания өкілі. Сондай-ақ облыс басшылығы Қытайдың ірі энергетикалық компанияларының бірі – China Energy компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында қуаттылығы 1500 мегаватт болатын ауқымды жел электр станциясын салу жобасы жан-жақты талқыланды. Бұл бастама Түркістан облысының жаңартылатын энергия көздерін дамыту стратегиясымен толық үндеседі. Жоба іске асқан жағдайда өңірдің энергетикалық қауіпсіздігі нығайып, экологиялық таза электр энергиясын өндіру көлемі айтарлықтай артады. Сонымен қатар инженерлік инфрақұрылымды дамытуға және инвестициялық белсенділікті күшейтуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде «жасыл» экономиканы дамытуға және жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыруға ерекше мән беріп келеді. Осыған сәйкес, Түркістан облысында баламалы энергетика саласын дамыту – стратегиялық басымдықтардың бірі. Өңірдің қолайлы табиғи-климаттық ерекшеліктері, оның ішінде жел және күн энергетикасы ресурстарының жоғары әлеуеті жаңартылатын энергия көздері жобаларын табысты іске асыруға кең мүмкіндік береді. Халықаралық компаниялармен өткен бұл кездесулер Түркістан облысының инвестициялық саясатындағы жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді. Өңір басшылығы өндіріс, жоғары технологиялар және жасыл энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту арқылы тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізуді мақсат етеді. Кездесулер барысында облыс әкімі алпауыт компания басшыларына Түркістан өңірінің экономикалық және инвестициялық әлеуетін таныстырып, шетелдік инвесторларды бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Қытайлық кәсіпкерлер өңірдің қолайлы инвестициялық ахуалына қызығушылық білдіріп, өндіріс, өнеркәсіп және басқа да салаларда ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға ниетті екендерін жеткізді. Нұралхан Оралбайұлы Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстардың нығаюы өңірлер арасындағы іскерлік қарым-қатынастың дамуына оң әсер ететінін айтты. – Түркістан облысы инвесторлар үшін ашық әрі сенімді серіктес. Біз өндіріс, жасыл энергетика және жоғары технологиялар салаларындағы бастамаларды жан-жақты қолдауға дайынбыз. Қытайлық әріптестермен жүргізілген келіссөздер өңір экономикасын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға тың серпін береді. Әкімдік тарапынан заң шеңберінде қажетті қолдау шаралары көрсетіледі. Сіздерге өңірімізге инвестиция тартуға және ірі энергетикалық жобаны жүзеге асыруға ниет білдіргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Бұл бастама өңір экономикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін. Бүгінгі кездесу өзара тиімді әріптестіктің берік негізін қалап, жобаны табысты жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам болады деп сенемін, – Нұралхан Көшеров. Ірі инвесторлармен жүргізілген келіссөздер Түркістан облысының өндірістік қуатын күшейтіп, оны еліміздің индустриялық және энергетикалық дамуындағы маңызды орталықтардың біріне айналдыруға берік негіз қалайды деп күтіліп отыр.

 

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: Жетісай ауданында кәсіпкерлік, өндіріс және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобалар кең көлемде жүзеге асырылуда

Келесі жаңалық

Депутаттар Мақтаарал және Сарыағаш аудандарындағы инфрақұрылымдық жобалар бойынша қорытынды жиын өткізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі