Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістан облысы мен Wuhan Financial Holdings арасында әріптестік мәселелер талқыланды

12 июня, 2026
in Басты жаңалықтар
0
Түркістан облысы мен Wuhan Financial Holdings арасында әріптестік мәселелер талқыланды
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тараптар қаржылық ынтымақтастықтың екі негізгі тетігін қарастырды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ухань қаласында Wuhan Financial Holdings (Group) компаниясының партия комитетінің хатшысы, директорлар кеңесінің төрағасы Мэй Линмен маңызды кездесу өткізді. Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ухань қаласында Wuhan Financial Holdings (Group) компаниясының партия комитетінің хатшысы, директорлар кеңесінің төрағасы Мэй Линмен маңызды кездесу өткізді. Бұл ірі мемлекеттік қаржы корпорациясы Хубэй провинциясындағы алғашқы тізімге енген қаржылық холдинг ретінде белгілі. Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті өңірлік деңгейде одан әрі нығайту, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және Түркістан облысындағы әлеуеті мол жобаларды қаржыландыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Нұралхан Көшеров өз сөзінде Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынас соңғы жылдары жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін атап өтті. Мемлекет басшыларының бастамасымен қалыптасқан жоғары деңгейдегі саяси диалог өңіраралық байланыстардың дамуына да қуатты серпін беретінін жеткізді. Облыс әкімі Түркістан өңірінің инвестициялық әлеуетіне тоқталып, бүгінде өңірдің Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі екенін атап өтті. Индустриялық өндіріс, агроөнеркәсіп кешені, туризм және инфрақұрылым салаларында ірі жобалар жүзеге асырылып жатқанын айтып, қытайлық инвесторларды осы бастамаларға белсенді қатысуға шақырды. Кездесудің негізгі мақсаты Түркістан облысындағы инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді әрі қолжетімді қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесі болды. Осы бағытта «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын негізгі қарыз алушы, облигация эмитенті немесе жобалық оператор ретінде қарастыру ұсынылды. Өңірлік даму институты мәртебесіне ие «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы инвестициялық жобаларды әзірлеу, қаржыландыруға қатысу, инфрақұрылым мәселелерін үйлестіру, сондай-ақ жобаларды толық сүйемелдеу жұмыстарын жүзеге асырады. Кездесу барысында компанияның халықаралық қаржылық көрсеткіштері де таныстырылды. Бүгінде корпорацияның активтері 220 миллион АҚШ долларын құрап, меншікті капиталы 54 миллион АҚШ долларына жеткен. Сонымен қатар халықаралық S&P Global Ratings агенттігі тарапынан «B/B» және ұлттық шкала бойынша «kzBB+» рейтингтері беріліп, болжам «Тұрақты» деңгейінде бағаланған. Тараптар қаржылық ынтымақтастықтың екі негізгі тетігін қарастырды. Облыс басшысының айтуынша, мұндай қаржылық құралдар Түркістан облысы үшін юаньмен қаржыландырудың жаңа арнасын қалыптастырып қана қоймай, Wuhan Financial Holdings Group компаниясына Қазақстан мен Орталық Азия нарығына шығудың тиімді әрі сенімді платформасын ұсынады. Қазіргі таңда Түркістан облысында қаржыландыруды қажет ететін жобалардың нақты пулы қалыптасқан. Олар агроөнеркәсіп кешені, өнеркәсіптік парктер, туризм индустриясы және өңдеу өнеркәсібі бағыттарын қамтиды. Бұл жобалар өңір экономикасын әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. Кездесу қорытындысында тараптар өзара тиімді қаржылық әріптестікті дамытуға және нақты инвестициялық бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі екендерін білдірді. Түркістан облысы мен Wuhan Financial Holdings Group арасындағы басталған диалог Қазақстан мен Қытайдың өңіраралық ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеріп, екі елдің экономикалық байланыстарын нығайтуға қызмет етеді. Сонымен қатар бұл келіссөздер Түркістан өңіріне халықаралық капитал тартудың жаңа мүмкіндіктерін ашып, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді. Бұл ірі мемлекеттік қаржы корпорациясы Хубэй провинциясындағы алғашқы тізімге енген қаржылық холдинг Wuhan Financial Holdings (Group)ретінде белгілі. Компания банк, бағалы қағаздар, траст, сонымен қатар жартылай өткізгіштер мен заманауи логистика сияқты салаларды қамтитын 20-дан астам лицензияға ие.

 

Алдыңғы пост

Түркістан облысының Сайрам ауданында ПЭТ платформаларын өндіретін ірі зауыт іске қосылып, өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді

Келесі жаңалық

Түркістан облысы мен қытайлық компаниялар арасындағы әріптестік жаңа деңгейге көтерілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі