Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістан облысында қағаз және мақта зауыттары салынып жатыр

18 июня, 2026
in Басты жаңалықтар
0
Түркістан облысында қағаз және мақта зауыттары салынып жатыр
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Негізгі мақсат – жобалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету және туындаған мәселелерді жедел шешу. Түркістан облысында қағаз, мақта өнімдерін шығаратын зауыттар салынып жатыр. Түркістан облысында инвестиция тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және жаңа жобаларды іске асыру мәселелерін талқылауға арналған кезекті инвестициялық штаб отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етті. Күн тәртібінде биыл жүзеге асырылатын 10-нан астам инвестициялық жобалардың өзекті мәселелерін шешу жолдары талқыланып, инвесторлар мен жауапты мекеме өкілдерінің есептері тыңдалды. Негізгі мақсат – жобалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету және туындаған мәселелерді жедел шешу. Жиында Түркістан қаласындағы «TURKISTAN» индустриалды аймағында салынып жатқан «Нұрқағаз Х» ЖШС-нің қағаз өндіру зауытының құрылысы талқыланды. Инвестициялық құны 1,5 млрд теңгені құрайтын жобаның өндірістік қуаттылығы екі кезең бойынша жылына 60 мың тонна қағаз өнімін шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда әкімшілік-тұрмыстық кешен, өндірістік қоймалар және бақылау-өткізу пунктінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жер қазу және бетон құю жұмыстары толық аяқталып, металл конструкцияларды орнату жалғасуда. Қажетті құрал-жабдықтар толықтай Қытай Халық Республикасынан сатып алынған. Жалпы құрылыс-монтаждау жұмыстары 80 пайызға орындалды. Сонымен қатар «TURAN» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылып жатқан бірқатар ірі жобалардың барысы қаралды. Атап айтқанда, «Hygeia Textile Kazakhstan» ЖШС-нің 16 роторлы иіру желісімен жабдықталған тоқыма зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 5,4 млрд теңгені құрайтын кәсіпорын жылына 20-30 мың тонна мақта иірімжібін өндіруге қауқарлы. Жоба аясында 200 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, бірінші кезең бойынша жатақханалардың сыртқы құрылысы толық аяқталған. Ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде, өндірістік блоктың іргетасы толық дайын. Металл конструкцияларды Қытайдан жеткізу күтілуде. Штаб отырысында сондай-ақ Түркістан қаласындағы «TURAN» АЭА орналасқан «Turkistan Lihua» ЖШС-нің тігін, тоқыма, бояу-әрлеу фабрикаларының және Отырар ауданында орналасқан мақта өңдеу және мақта тұқымын шығару зауыты құрылысының барысы қаралды. Бұдан бөлек, Жетісай ауданындағы «Altyn Kun Group» ЖШС-нің және Отырар ауданындағы «Lesso Drip» ЖШС-нің тамшылатып суару жүйелерін өндіру зауыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Сонымен бірге Ордабасы ауданында жүзеге асырылып жатқан «Huating Biotechnology Co., LTD» ЖШС-нің ірі қара мал сүйегінен май және желатин компоненттерін өндіретін зауытының құрылысы туралы да баяндалды. Сауран ауданында іске асырылып жатқан өндірістік жобалардың орындалу барысы да назардан тыс қалған жоқ. Атап айтсақ, «Diamond Steel Co. Ltd» ЖШС-нің алюмоцинкпен қапталған және боялған металл өндіру зауыты, «Bereke Plastic» ЖШС-нің бір реттік ыдыс-аяқ өндіру кәсіпорны, «Avatar Agricultural Technology Development» ЖШС-нің ауыл шаруашылығына арналған дрондар шығаратын зауыты және «Sauran Solar Power» ЖШС-нің қуаттылығы 300 МВт күн электр станциясы бойынша атқарылған жұмыстар сараланды. Жиын қорытындысында өңір басшысы Нұралхан Көшеров инвестициялық жобаларды белгіленген мерзімде сапалы аяқтауды тапсырды. Ол жауаптыларға жобалардың орындалуын мұқият қадағалап, инвесторлар көтерген мәселелерді дер кезінде шешуді міндеттеді. Сонымен қатар берілген міндеттердің орындалуы қатаң қадағалатынын ескертті. Отырыс барысында берілген тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыстар жүргізіледі.

 

Алдыңғы пост

Түркістан облысында 58 жаңа нысан пайдалануға беріледі

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Қасқасуда тау-курортты қала салу жөнінде келіссөздер жүргізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі