Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ӨҢІРДІ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

25 июня, 2026
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ӨҢІРДІ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
2026 жылғы 24 маусым күні сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясы өтті. Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті жиырма үшінші сессиясының жұмысына облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары, Кентау қаласы мен Сарыағаш ауданының әкімдері, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық қоғамдық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді. Сессияның күн тәртібінде 27 маңызды мәселе қаралды.
Атап айтқанда, облыс әкімдігінің және тексеру комиссиясының облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері, сондай-ақ Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда, мәдениет, мемлекеттік сатып алу, дін істері, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау, өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармалары басшыларының есептері тыңдалды. Кентау қаласы мен Сарыағаш ауданы әкімдері қалаға және ауданға республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар туралы мәлімет берді.
Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат жұмысына табыс тіледі.
– Бүгінгі сессияда облыс тарихына әсер ететін маңызды мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Бастамаларға қолдау білдірген депутаттарға алғысымды білдіремін. Жуырда Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті жоғары деңгейде өтті. Мемлекет басшысы Түркістан жұртшылығына ризашылығын білдірді. Бұл – ауызбіршіліктің жемісі. Бірлескен жұмыс нәтижесінде Түркістан облысы экономика, инвестиция тарту және жалпы даму бағытында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Биылғы 5 айда қысқа мерзімді экономикалық өсім 123,3 пайызды құрап, облысымыз республикада 1 орынға шықты. Өңірді дамыту жұмыстары жалғасады, – деді Нұралхан Көшеров.
Облыстық мәслихат депутаттары өңірдегі атқарылған жұмыстарға оң бағаларын беріп, тиісті ұсыныстарын айтты. Маңызды шешімдер қабылданды.
Айта кетейік, биыл Түркістан облысында инвестицияларды тарту индикаторы 1 трлн 783,9 млрд теңге көлемінде бекітілген. Осы жылдың 5 айының қорытындысымен 614,2 млрд теңге инвестиция бағытталып, өсім 150,5%-ды құрады. Ал 2025 жылдың қорытындысымен тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1 млрд 998,2 млн АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар 4 есе жоғары орындалды. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы елімізде 1 орында.
Облыста 2026-2029 жылдар аралығында жүзеге асырылатын 2,8 трлн теңгеге 122 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылды. Бұл жобалар арқылы 17820 жұмыс орнын құру көзделуде. Оның ішінде, шетелдік капиталдың қатысуымен жалпы құны 608,9 млрд теңгеге 30 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.
Жобалар толық іске қосылғанда 7 799 жұмыс орны құрылмақ. Биыл 369,4 млрд теңгеге 67 инвестициялық жоба іріктелген. 5 айдың қорытындысымен жалпы құны 42,4 млрд теңгеге 11 инвестициялық жоба іске қосылды. Нәтижесінде 407 жұмыс орны ашылды.
Алдыңғы пост

Түркістанда түсті металдарды терең өңдейтін және кабель өндіретін ірі зауыт салынады

Келесі жаңалық

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНА БЕС АЙДА 20 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі