Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

5 августа, 2026
in Қоғам
0
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Қаланың көркін арттыруды және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейтуді көздейтін бастамаға коммуналдық қызмет мамандары да, ерікті жастар да белсенді атсалысып келеді. Бұл жолғы акциялар жасыл желекті күтіп-баптау мен қоғамдық орындарды абаттандыру бағытында ұйымдастырылды.
Қаланың Орманшы тұрғын алабында орналасқан «Тұқымбақ» аумағында ауқымды сенбілік өтті. Тазалық шарасына Шымкенттің бес ауданынан келген коммуналдық мекемелердің 100-ден астам қызметкері қатысып, жасыл аймақты ретке келтіру жұмыстарына жұмылдырылды.
Сенбілік барысында шөп шабылып, ағаштардың артық бұтақтары қырқылды, арамшөптер тазартылып, көшеттер өсетін аумақтар күтіп-бапталды. Бұл жұмыстар көшеттердің сапалы өсіп-жетілуіне жағдай жасап, алдағы күзгі ағаш отырғызу маусымына дайындықты күшейтуге мүмкіндік береді.
«Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы Ербол Есіркеповтің айтуынша, тұқымбақтағы жұмыс жыл он екі ай бойы үздіксіз жүргізіледі.
Жалпы аумағы 12 гектарды құрайтын тұқымбақта қала көшелері мен саябақтарын, гүлзарлар мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға арналған түрлі ағаш және бұта көшеттері өсіріледі. Мұнда күн сайын 35 қызметкер көшеттерді суару, күтіп-баптау, жерді қопсыту және арамшөптерден тазарту жұмыстарын атқарады. Өсірілген көшеттер кейін Шымкенттің жасыл қорын толықтыруға пайдаланылады.

Экологиялық бастама тек коммуналдық сала қызметкерлерімен ғана шектелмейді. Осы бағдарлама аясында Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың қатысуымен де кең көлемді акция өтті.
Іс-шараға 14 пен 35 жас аралығындағы 40 ерікті қатысты. Олардың қатарында мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, жас мамандар және қоғамдық ұйымдардың белсенділері болды. Әртүрлі ортадан жиналған жастарды туған қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосу мақсаты біріктірді.
Акция басталар алдында қатысушылармен арнайы кездесу ұйымдастырылып, жастарға экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызы түсіндірілді. Қалалық Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Қуаныш Серікбай қоршаған ортаны қорғау әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаментінің, прокуратура органдарының және экологиялық қызметтердің өкілдері де қатысып, жастармен қоғамдық тәртіпті сақтау, табиғатты аялау және азаматтық жауапкершілік мәселелері жөнінде пікір алмасты. Олар «Таза Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты тек тазалық жұмыстарын жүргізу ғана емес, қоғамда экологиялық сана мен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру екенін жеткізді.
Кездесуден кейін еріктілер Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының аумағы мен Абай атындағы саябақта тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Олар аумақтарды қоқыстан тазартып, жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтіріп, қоғамдық кеңістіктердің санитарлық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты.
Бүгінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы Шымкентте бір реттік сенбіліктермен шектелмейтін, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тұрақты қоғамдық қозғалысқа айналып келеді. Коммуналдық қызметкерлердің күнделікті еңбегі мен жастардың еріктілік бастамалары бір арнада тоғысып, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға, жасыл желек қорын көбейтуге және тұрғындар үшін жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға нақты үлес қосып отыр.

Tags: «Таза Қазақстан»Заң мен тәртіп
Алдыңғы пост

«Таза Казахстан»: молодежь Шымкента провела экологическую акцию

Келесі жаңалық

«Таза Қазақстан»: в Шымкенте продолжаются экологические акции и работы по озеленению("

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Август 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  
« Июл    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі