Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Әдебиет

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН БАЙҚАУ

10 августа, 2026
in Әдебиет
0
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың рухани әлемін жаңа белеске көтерген Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау, оның шығармаларын терең меңгеруге ынталандыру, көркем сөз оқу мәдениетін дамыту және дарынды жастарды қолдау мақсатында «10 тамыз – Абай күні» аясында қалалық «Абай әлемі» байқауы өтті.
Тағылымды шараны Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі ұйымдастырды.
Рухани кешке қаланың шығармашыл зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, кітапхана оқырмандары мен жастар қатысты.
Байқау аясында «Абай мұрасы – мәңгілік құндылық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, қатысушылар Абайдың өлеңдерін нақышына келтіре оқып, әндерін орындап, оның шығармашылық мұрасын жан-жақты дәріптеді. Шара барысында Абайдың рухани-адамгершілік қағидалары мен ағартушылық идеяларының бүгінгі қоғам үшін маңызы кеңінен насихатталды.
Биылғы байқауға қаладағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен шығармашыл жастардан барлығы 42 үміткер қатысып, олардың арасынан 15 қатысушы екінші кезеңге жолдама алды. Байқау барысында қатысушылардың көркем оқу шеберлігі, сахна мәдениеті, сөз саптауы, шығарманы терең түсінуі және орындаушылық деңгейі жан-жақты бағаланды.
Байқауға қазылық еткен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Анар Жаппарқұлова қатысушылардың дайындық деңгейіне жақсы баға берді. Оның айтуынша, биылғы байқауда бақ сынаған жастардың барлығы Абай шығармаларын терең түсініп, көркем сөзді жеткізу шеберлігімен ерекшеленген.
– Байқау ойдағыдай өтті. Қатысушылардың барлығы тыңғылықты дайындалып келгені байқалды. Бұл – жастардың Абай мұрасына деген қызығушылығының артып келе жатқанының көрінісі. Алдағы уақытта бұл байқаудың ауқымы кеңейіп, қатысушылардың деңгейі бұдан да жоғары болатынына сенімім мол. Біз Абайды тек мереке қарсаңында ғана емес, әрдайым оқып, оның мұрасынан тағылым алуымыз керек. Өйткені, Абай – ұлттың рухани темірқазығы. Тәрбиелі, намысты, білімді ұрпақ өсіру үшін Абайды оқып, Абайдың ойымен өмір сүруіміз қажет. Баршаңызды ұлы ойшыл, қазақ руханиятының шамшырағы Абай Құнанбайұлының туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! – деді ол.
Қазылар алқасының шешімімен байқаудың Бас жүлдесі Шаншар Иса Жақсыгелдіұлына бұйырды.
І орын — Қали Үмбетәлі Бақтиярұлына табысталды. ІІ орынға Муслим Ләззат Шорақызы мен Лескенқызы Ұлбала ие болса, ІІІ орынды Шахыдін Гүлжанат, Маханбетова Тұрарбек Әбілдаұлы және Толмачева Ангелина Андреевна иеленді. Байқауға қатысқан өзге үміткерлер арнайы дипломдармен марапатталып, ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
«Абай әлемі» байқауы жас буынның әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ұлттық руханияттың асыл қазынасын кеңінен дәріптеуге, талантты жастарды қолдауға бағытталған маңызды мәдени шаралардың бірі ретінде өз мәресіне жетті.

 

Tags: Абай күніАбай әлемі байқауы
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ

Келесі жаңалық

“ШЫМҚАЛА КЕШІ” АБАЙ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Август 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  
« Июл    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі