Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

АБАЙҒА ТАҒЗЫМ – ҰЛТҚА ҚҰРМЕТ

10 августа, 2026
in Басты жаңалықтар, Қоғам, Әдебиет
0
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, философы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай, Абай саябағында ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылды. Салтанатты шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Гүл шоқтарын қою барысында Абай мұрасының қазақ руханиятындағы орны мен оның шығармаларындағы адамгершілік, білім, ғылым, еңбек, елдік құндылықтардың маңызы сөз болды.

Шарада сөз алған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек хакім мұрасының уақыт өткен сайын құндылығы арта түсетінін атап өтті.
— Абай атамыз соқтықпалы, соқпақты заманда өмір сүріп, қазақ қоғамының санасына сәуле түсіретін, уақыт өткен сайын қадірі арта беретін мәңгілік мұра қалдырды. Ол өз дәуірінің ғана емес, кейінгі ұрпақтың да қамын ойлап, қазақ қоғамын білімге, ғылымға, адамгершілікке шақырды. Абайдың әрбір сөзі, әрбір ойы – адамды кемелдікке, елді өркениетке бастайтын рухани бағдар. Сондықтан хакімнің мұрасы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді, – деді ол.
Расында, Абайдың өмір сүрген кезеңі қазақ қоғамы үшін күрделі уақыт болғанымен, ақын елдің ертеңін білім мен ғылымнан, адал еңбек пен адамдық қасиеттен іздеді. Ол халықтың бойындағы кемшіліктерді сынап қана қоймай, одан арылудың жолын да көрсетті. Ақынның өлеңдері мен қара сөздеріндегі тағылымды ойлар адамды өзін-өзі жетілдіруге, білім іздеуге, еңбек етуге, әділет пен ар-ұятты биік қоюға үндейді.

Абай мұрасының өміршеңдігі де осында. Хакімнің адам болмысы, мінез-құлық, білім мен ғылым, ел бірлігі мен қоғам жауапкершілігі туралы ойлары бүгінгі заманмен де үндесіп жатыр. Сондықтан Абайды дәріптеу – ұлы тұлғаның есімін ұлықтаумен ғана шектелмей, оның аманат еткен құндылықтарын кейінгі ұрпақтың санасына сіңіру.

Шараның жалғасы «Хәкім Абай» музейінде өрбіді. Қатысушылар музейге экскурсия жасап, ақынның өмірі мен шығармашылық жолына қатысты құнды жәдігерлермен танысты.
Сонымен қатар, «Абай әлемі» ашық есік күні ұйымдастырылып, келушілер назарына «Абайдың асыл мұрасы», «Көркем әлемдегі Абай» және «Абайды оқы, таңырқа!» атты көрмелер ұсынылды. Көрмелерде ақынның әдеби мұрасы, шығармашылығы мен рухани әлемін танытатын құнды дүниелер көпшілік назарына ұсынылды.

Мәдени-танымдық шара барысында Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріндегі терең философиялық ойлар, адамгершілік қағидалар мен ұлттық құндылықтар кеңінен насихатталды.
Хакім Абайдың мұрасы – бір дәуірдің еншісінде қалған рухани қазына емес, ұлтпен бірге жасайтын мәңгілік құндылық. Оны оқу, түсіну және кейінгі ұрпаққа жеткізу – бүгінгі қоғамның да ортақ міндеті.

 

Tags: Абай күні
Алдыңғы пост

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Август 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  
« Июл    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі