Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«JASTAR CAMP»: Қазақстанның 500-ге жуық жасы «Әділет» партиясымен кездесті

14 августа, 2026
in Қоғам
0
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанның барлық өңірінен келген 500-ге жуық жас Алматы облысындағы JASTAR CAMP жастар лагеріне жиналды. Олар «Әділетті Қазақстан» алаңында «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабымен кездесті. Жиында жұмыс, кәсіпкерлік, білім беру, цифрландыру және жастардың ел өміріне араласуы туралы сөз болды.
Партия төрағасы Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында жас қазақстандықтарға жаңа мүмкіндіктер ашуға айрықша мән берілгенін атап өтті. Бұл білім алып, жұмысқа орналасумен ғана шектелмейді. Жастардың өз кәсібін ашып, идеяларын жүзеге асыруына және шешім қабылдауға тікелей араласуына жағдай жасау да маңызды.

​Осындай тетіктердің бірі партияның цифрлық платформасы болмақ. Айбек Дәдебайдың айтуынша, «Әділет» әуел бастан цифрлық партия ретінде құрылды. Партияға тіркелу, сұрақтар мен ұсыныстарды жинау онлайн жүргізіледі, платформаның веб-нұсқасы қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр, ал мобильді қосымшасы әзірленіп жатыр. Алдағы уақытта азаматтардан келіп түсетін мәліметтерді талдау үшін жасанды интеллектіні пайдалану жоспарланып отыр.

​«Біз «Әділетті» әуел бастан цифрлық партия ретінде құрдық. Алдағы уақытта келіп түсетін ұсыныстар мен сұрақтар жасанды интеллект көмегімен өңделіп, болашақ депутаттарымыз шешім қабылдау кезінде пайдаланады. Президент болашақ Құрылтай Big Data-ны қолдану керектігін айтты. Бұл маңызды мәселелерді назардан тыс қалдырмай, қабылданатын шешімдердің салдарын алдын ала бағалауға мүмкіндік береді. Мұнда жастардың рөлі ерекше. Бүгінде біздің жастар штабымызда 8 мыңнан астам белсенді жұмыс істеп жатыр. Сіздердің еңбектеріңіз – жай ғана үгіт-насихат емес, бұл – азаматтық ұстаным және ел болашағына деген жауапкершілік. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанның бүгіні мен болашағы жастардың қолында», — деді Айбек Дәдебай.
​Әңгіме барысында жастардың елдің қоғамдық және саяси өміріне араласуы да талқыланды. Айбек Дәдебай жаңа Конституция Қазақстанның алдағы дамуын айқындайтын құндылықтарды бекіткенін жеткізді. Оның айтуынша, заң үстемдігі, адам құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау, мемлекеттің зайырлы сипаты және азаматтық жауапкершілік жас буын үшін аса маңызды.

​Одан кейін сөз JASTAR CAMP қатысушыларына берілді. Жас кәсіпкерлер, журналистер, педагогтер және қоғамдық сала өкілдері өз буыны үшін маңызды деп санайтын өзгерістер туралы ойларын ортаға салды.

​Кәсіпкер әрі инфлюенсер Әділ Тасболатов орта бизнесті дамыту және цифрландыру мәселесін көтерді. Ол партияның кәсіпкерлер мен мемлекет арасындағы байланысты цифрлық форматқа көшіру және жаңа бизнесті іске қосу мерзімін бір күнге дейін қысқарту жөніндегі бастамасын қолдады.

​«Мен партияның цифрлық шешімдерін қолдаймын. «Әділет» бағдарламасында бизнес пен мемлекет арасында атқарылатын жұмыстарды цифрландыру және жаңа бизнесті іске қосу мерзімін бір күнге дейін қысқарту міндеті қойылған. Бір күнде кәсіп бастап, көптеген мәселені онлайн шешу уақытты үнемдеп қана қоймайды, кәсіпкерлікке алғаш қадам басқан жастар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», — деді Әділ Тасболатов.
​Басқа да қатысушылар білім беру, мәдениет және өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру туралы пікір білдірді. Abay Life бас редакторы Балжан Ерланқызы «Дипломмен – ауылға» жобасының мүмкіндіктеріне тоқталды. Талғар ауданы Панфилово ауылының №17 мектебінің мұғалімі Мария Сеп «Кітап оқитын ұлт» және «Ұлттық код» бастамаларына назар аударды. «Әділет» партиясы Жезқазған қалалық филиалының төрағасы Сәкен Қайратұлы партия құндылықтары туралы айтты, ал тележүргізуші Дарын Олжабай жастар атынан бірқатар ұсынысын таныстырды.

​Партия жастар қанатының төрайымы, Құрылтай депутаттығына кандидат Ақерке Ескендірова JASTAR CAMP ең алдымен жастар өз күн тәртібін құра алатын алаң ретінде ұйымдастырылғанын атап өтті. Республикалық сайлауалды штабпен кездесуге дейін қатысушылар стратегиялық сессиялар өткізіп, партияның алдағы жұмысындағы рөлдерін талқылады.

​«Бүгін мұнда азаматтық ұстанымы белсенді, партиямен бірге әділетті болашақ жолында еңбек етуге және алдағы бірлескен жұмысымыздың бағыттарын айқындауға дайын жастар жиналды. Осы кездесуге дейін стратегиялық сессиялар өткізіп, онда партияның алдағы жұмысындағы жастардың рөлі мен ортақ мақсаттарымызды талқыладық», — деді Ақерке Ескендірова.
​JASTAR CAMP Алматы облысында 12-14 тамыз аралығында өтеді. Лагерьге Қазақстанның барлық өңірінен 500-ге жуық жас келді. Қатысушылар үшін көшбасшылық, коммуникация, командалық жұмыс, азаматтық жауапкершілік және қоғамдық белсенділік бағыттары бойынша практикалық сессиялар ұйымдастырылған. Мұнда жастар өз идеялары мен пікірлерін тікелей жеткізе алатын арнайы алаңдар да жұмыс істейді. «Әділ Podcast» медиа-аймағында қатысушылар білім беру, мансап, кәсіпкерлік, жастар саясаты және елдің болашағы жайлы пікір алмасып жатыр.

​Бүгінде партияның жастар қанаты 100 мыңға жуық жас қазақстандықты бір алаңда біріктіреді. Олардың 8 мыңнан астамы қазіргі сайлау науқаны аясында жастар штабының жұмысына белсенді атсалысып жүр.

Tags: СайлауӘділет партиясы
Алдыңғы пост

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

Келесі жаңалық

«Туризм – үлкен мүмкіндіктер аумағы»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Август 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  
« Июл    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі