Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады.
Кездесу барысында Президент Вице-Президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілгенін және оның мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды.
Атап айтқанда, Вице-Президентке Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Мемлекет басшысының атынан өкілдік ету тапсырылды.
Сонымен қатар Ерлан Қаринге мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша Мемлекет басшысының ұстанымын жеткізу міндеті жүктелді.