Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ГРУЗИЯ КӨРЕРМЕНДЕРІН ТӘНТІ ЕТТІ

3 сентября, 2026
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАНДЫҚ  ӨНЕРПАЗДАР ГРУЗИЯ КӨРЕРМЕНДЕРІН ТӘНТІ ЕТТІ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан музыкалық-драма театрының әртістері Грузия елінің арнайы шақыртуымен Батуми қаласында гастрольдік сапармен өнер көрсетуде.

Алыстан ат арылтып барған жас өнер ұжымы Илья Чавчавадзе атындағы мемлекеттік кәсіби драма театрының сахнасында ақын, философ Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» негізінде сахналанған «Абай. Қара сөз» пластикалық спектаклін көрермен назарына ұсынды. Қойылымның алғашқы көрсетіліміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстан Республикасының Батуми қаласындағы Құрметті консулы Гиоргий Абашидзе, Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігінің үшінші хатшысы Риза Садық, Грузияның Мәдениет министрлігінің Мәдениет департаментінің басшысы Нино Лосаберидзе, Илья Чавчавадзе атындағы Батуми мемлекеттік драма театрының директоры Коте Мзавия және мәдениет саласының өкілдері қатысты.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы Қазақстан мен Грузия арасындағы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан рухани ынтымақтастық пен достықтың маңызын атап өтіп, Грузия халқының қазақ өнеріне жасаған зор құрметіне алғыс білдірді.

Грузиялық көрермендер түркістандық театр әртістерінің сахналаған қойылымдарды ерекше ілтипатпен қабылдап, тәнті болды. Әртістердің шеберліктеріне, мәдениет пен өнер саласын дамытудағы белсенді еңбектеріне жоғары бағаларын беріп, ризашылықтарын жеткізді.

Абай Құнанбайұлының «Қара сөзі» – уақыттың сынынан өткен, ғасырлар өтсе де маңызы азаймаған, адам өмірінің мәні мен мақсаттарын терең әрі жан-жақты зерттеуге арналған ой-толғамдар жинағы. Ақынның шығармасына негізделген «Қарасөз» пластикалық спектаклі де адамзаттың мән-мағынасына терең бойлауға шақырады. Спектакльдің пластикалық тілі Абайдың сөзбен жеткізген терең философиясын адам денесінің қозғалысы, сезім мен ішкі арпалыс арқылы жаңаша сөйлетеді. Сахнадағы әрбір қимыл – адам баласының өмірдің мәнін іздеп аласұрған сәттерін, рухани құлдырауы мен қайта өрлеуін көрерменнің жүрегіне тікелей жеткізетін құралға айналады. Осылайша спектакль ұлы ойшылдың тағылымды ойларын өзгеше сахналық тілмен жеткізіп, Абай даналығын жаңа қырынан танытуды мақсат етеді.

Спектакльдің режиссері – Мадина Мұратпекова, композиторы – Хамит Шанғалиев.

Айта кетсек, гастроль аясында 3 қыркүйек күні «Абай. Қара сөз» спектаклінің екінші көрсетілімі өтеді. Бес күндік гастроль – тек өнер көрсету емес, екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, мәдениет пен руханият саласын дамытуға бағытталған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: Өнерпаздар
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА ЖҮГЕРІ ОРУ НАУҚАНЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Келесі жаңалық

ТУРКЕСТАНСКИЕ АРТИСТЫ ВОСХИТИЛИ ГРУЗИНСКИХ ЗРИТЕЛЕЙ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  
« Авг    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі