Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Ел өңірлерінде қандай нысандар іске қосылды

7 сентября, 2026
in Uncategorized
0
Ел өңірлерінде қандай нысандар іске қосылды
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу және мектепке дейінгі білім беруге қолжетімділікті арттыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасып келеді. Өткен аптада көлік және білім беру бойынша пайдалануға берілген нысандар:

Теміржол инфрақұрылымы Абай облысында теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында Шар, Үшбиік, Жарма және Жалаңашкөл стансаларындағы жаңартылған төрт теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Нысандар күрделі реконструкциядан өтті. Тозығы жеткен құрылыстар бұзылып, қосымша қабаттар салынды. Бұл кешендердің аумағын кеңейтуге жаңа перрондар мен платформалар салуға, сондай-ақ күту залдарын қайта жабдықтап, қозғалыс мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта құруға мүмкіндік берді. Ақтөбе облысында 1905 жылы салынған Жем теміржол вокзалы реконструкциядан кейін қайта ашылды. Кешеннің жалпы аумағы 387,5 шаршы метрден 421,2 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Шатыры мен қасбеті жаңартылып, ішкі бөлмелері қайта жабдықталды, инженерлік желілері жаңғыртылды. Перрон реконструкцияланып, іргелес аумақ абаттандырылды. Күту залдары жаңа жиһаздармен және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Білім беру

Ақтөбе облысында оқу жылының басталуына орай жеті жаңа мектеп ашылды: Ақтөбе қаласында – үш, Темір ауданында – екі, Мұғалжар және Мәртөк аудандарында бір-бірден. Ғимараттар пәндік кабинеттер, спорт залдары, цифрлық жабдықтар және қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған. Жалпы өңірдің 449 мектебінде оқу жылын 194 мыңнан астам бала бастады, оның ішінде 20 мыңнан астамы – бірінші сынып оқушылары. Алматы облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 4,2 мың орынға арналған бес жаңа мектеп ашылды, тағы 10 нысан күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілді. Білім беру ұйымдары STEM зертханалары, робототехника кабинеттері, спорт залдары және қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталып, кедергісіз орта қалыптастырылды. Түркістан облысында тоғыз жаңа мектеп пен қосымша ғимарат пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, өңірде күрделі жөндеуді қажет ететін 115 мектепті жаңарту және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облысында 50 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды. Ұлытау облысының Мыңадыр ауылында Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен (заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен) 80 орындық жаңа мектеп ашылды. Ғимаратта 18 сынып, робототехника кабинеті, спорт залы, сондай-ақ футбол және баскетбол алаңдары бар. Алматыда 120 және 160 орындық екі жаңа балабақша ашылды. Ондағы топтардың әрқайсысы интерактивті тақталар және мобилді цифрлық құрылғылармен жабдықталған. Ғимараттарда спорт және музыка залдары, қазақ тілі кабинеттері, психолог кабинеті және шығармашылықпен айналысуға арналған кеңістіктер қарастырылған. @KZgovernment

Tags: Президент тапсырмасыПрезидент Тоқаев
Алдыңғы пост

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА - ШЫНШЫЛ СӨЗ»

Келесі жаңалық

Какие объекты запущены в регионах Казахстана

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  
« Авг    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі