Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

7 сентября, 2026
in Қоғам
0
Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Қазсушар» РМК Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің су теңгерімін сақтау және биологиялық әртүрлілікті қорғау мақсатында жыл сайын жүргізілетін табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстарын жүргізді. Осы мақсатқа 40 млн текше метр су жіберілді. Жұмыстарға кәсіпорынның үш филиалы — «Қ. Сәтбаев атындағы канал» филиалы, сондай-ақ Қарағанды және Ақмола филиалдары қатысты.

Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі Қорғалжын қорығының аумағында орналасқан және қоқиқаздар мен басқа да құстардың мекен ету ортасы.

Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл сайын Қазақстанның барлық аумағында табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстарын жүргізеді. Су нысандарын сақтау және жергілікті экожүйелерді қолдау үшін миллиардтаған текше метр су бағытталады.

Табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстары кезінде «Қазсушар» РМК мамандары гидротораптар мен су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырады, судың өтуіне тұрақты мониторинг жүргізіп, бақылауды қамтамасыз етеді.

Еске сала кетейік, су нысандарының сарқылуының алдын алу мақсатында былтыр қабылданған Су кодексіне алғаш рет «экологиялық ағын» ұғымы енгізілді. Бұл – өзендер, көлдер мен теңіздердің экожүйелерін сақтау үшін қажет судың ең төменгі рұқсат етілген деңгейі. Құжатта шағын өзендер мен көлдерді қорғауға қойылатын талаптар да кеңейтілді. Сонымен қатар сулы-батпақты алқаптар мен мұздықтарды қорғаудың ерекше режимі көзделген.

️«Су нысандарын сарқылу мен ластанудан қорғау – шаруаларды суармалы сумен қамтамасыз етумен қатар, жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі. Министрлік экологияға зиян келтірмей, ауыл шаруашылығы алқаптарына судың тұрақты берілуін қамтамасыз ету үшін үлкен күш жұмсауда. Су үнемдеу технологиялары мен заманауи су есептеу құралдарын енгізу экономика мен қоршаған ортаның қажеттіліктері арасындағы теңгерімді сақтай отырып, суды тиімді бөлуге мүмкіндік береді»,
— деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Tags: Су ресурстары
Алдыңғы пост

Какие объекты запущены в регионах Казахстана

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  
« Авг    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі