Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Файзулла Байдуллаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында жоғары тұрған және жергілікті атқарушы органдардан келіп түскен хаттардың назарға алынуы, өтініштердің уақтылы орындалуы, облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының жүзеге асырылу барысы қаралды. Бұл мәселе бойынша облыс әкімі аппаратының құжат айналымын қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Камелия Дүйсебекова баяндама жасады. Талқылауға облыстық басқармалардың басшылары да қатысты. Сонымен қатар 2026 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Ашықтық индексінің бағалануы және азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізу мәселелері қаралды. Аталған бағыт бойынша өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы Айдана Амирбек ақпарат берді. Мәжілісте облыс әкімінің халықпен кездесулері барысында көтерілген мәселелердің орындалу барысы да талқыланды. Осы мәселе бойынша жауаптылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Файзулла Байдуллаев Мемлекет басшысы, Үкімет, облыс әкімі тарапынан жүктелген міндеттер мен тапсырмалар, хаттар мен өтініштер тұрақты түрде бақылауға алынып, талапқа сай жедел жұмыс жүруі тиіс екенін жеткізді. Мәжіліс соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты басқарма өкілдеріне тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


