Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР?

10 сентября, 2026
in Экономика, Қазақстан
0
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР?
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жылу маусымына дайындық – қыстың қамын алдын ала ойластыруды талап ететін жұмыс. Шымкентте бұл бағыттағы жұмыстардың барысын бақылау мақсатында «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат төрағасы Мұрат Жолдыхожаев бастаған жұмысшы топ жылу жүйелерінің дайындығына мониторинг жүргізді.

Жұмысшы топтың құрамында қалалық партия филиалы төрағасының орынбасары Ербол Байқонысов, мәслихат депутаты Муфтулла Қонақбаев және Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Рзабек Меңдіқұлов болды.

Жұмыс барысында мамандар «Қуатжылуорталық-3» мекемесіне қарасты нысандарды аралап, жылу желілерін алдағы маусымға дайындау барысымен танысты. Бұл мекеме Шымкент қаласындағы жылу желілерінің толық көлеміне, яғни 100 пайызына қызмет көрсетеді.

Бүгінде кәсіпорынның қарамағында жалпы ұзындығы 823,8 шақырым жылу желісі бар. Аталған желілер арқылы 2241 көпқабатты тұрғын үй, 100 жеке тұрғын үй, 212 бюджеттік нысан және 845 коммерциялық құрылым жылумен қамтамасыз етіледі. Сондықтан желілердің қысқы кезеңге дайындығы – мыңдаған отбасы мен әлеуметтік нысандардың қалыпты жұмыс істеуіне тікелей әсер ететін маңызды мәселе.

Сала мамандарының айтуынша, қала бойынша қысқы маусымға дайындықтың іс-шаралар жоспары әзірленіп, жауапты штабтың құрамы бекітілген. Жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап магистралдық және ішкі орамдық жылу желілеріне гидравликалық қысымдау жұмыстары толық көлемде жүргізілген.

Техникалық тексеру барысында 135 ақау анықталып, оның 114-і жойылған. Қалған 21 ақауды ретке келтіру үшін арнайы жоспарлы кесте бекітіліп, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Жұмыс барысымен танысқан Мұрат Жолдыхожаев жылу жүйелерінің дайындығын тек қағаз жүзіндегі есеппен шектемей, нақты нысандардағы жағдай арқылы бағалаудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, қысқы маусым басталғанға дейін анықталған кемшіліктердің барлығы кезең-кезеңімен жойылып, тұрғындарға жылу жеткізу жүйесінде ақау туындамауы үшін жауапты мекемелердің жұмысы тұрақты бақылауда болуы қажет.

Бұл ретте басты назар – жылу желілерінің техникалық жағдайына ғана емес, анықталған ақаулардың белгіленген мерзімде толық жойылуына аударылуы тиіс. Себебі қысқы кезеңде жылу жүйесіндегі кез келген ақау тұрғындардың тұрмысына, әлеуметтік нысандардың жұмысына және қала инфрақұрылымының тұрақтылығына әсер етуі мүмкін.

Жұмысшы топ мониторинг барысында атқарылған жұмыстарды саралап, қалған кемшіліктерді белгіленген кестеге сәйкес аяқтау қажеттігін назарға алды. Қысқы маусымның тұрақты өтуі үшін дайындықтың әр кезеңін бақылауда ұстау – қаланың жылу жүйесін сенімді пайдаланудың негізгі шарттарының бірі.

Tags: ШымкентӘділет партиясы
Алдыңғы пост

Цифрлық талдау нәтижесінде медициналық көрсеткіштер бойынша 10 мыңнан астам жүргізуші куәлігін қолдану тоқтатылды

Келесі жаңалық

Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Ақтөбеде футбол стадионын салуға 6,5 млрд теңге бөлінді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  
« Авг    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі