«Бәйтерек жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің тапсырысымен, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Қарнақ ауылында нашақорлықтың алдын алу және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ауыл тұрғындарымен ақпараттық кездесу өтті.
Кездесу барысында нашақорлықтың адам денсаулығына, отбасына және қоғамға тигізетін кері әсері айтылып, оның алдын алу жолдары талқыланды.
Кездесуге Түркістан облысы, Кентау қаласында қызмет ететін нарколог-психиатр дәрігер Смайлова Әсем Әділханқызы қатысып, ауыл тұрғындарымен ашық пікір алмасып, нашақорлықтың адам денсаулығы мен өміріне тигізетін кері әсері туралы түсіндіріп өтті.
Жиын барысында тұрғындарға нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық брошюралар таратылып, пайдалы кеңестер берілді. Сонымен қатар тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды.


