Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

21 сентября, 2026
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында мәдениет пен туризмді дамытуға бағытталған бірқатар халықаралық іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Бүгін Астана төрінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өңірде өтетін халықаралық қолөнершілер жәрмеңкесі мен қазақ әндері фестиваліне қатысты жоспарларымен бөлісті.

26-28 қыркүйек күндері Түркістан қаласында Turkistan Brand Craft Fair 2026 халықаралық қолөнершілер және экологиялық өнімдер жәрмеңкесі өтеді. Халықаралық көрменің негізгі мақсаты – қолөнерді, кәсіпкерлікті, туризмді, креативті индустрияны және халықаралық ынтымақтастықты бір алаңда тоғыстыратын жаңа форматтағы халықаралық платформа қалыптастыру.

Жәрмеңкеге Қазақстанның барлық өңірлерінен және шет мемлекеттерінен 200-ге жуық шебер қатысады деп жоспарлануда. Олар керамика, ағаш, былғары, металл, киіз және тоқыма бұйымдарын, ұлттық және дизайнерлік киімдерді, зергерлік өнімдерді, авторлық кәдесыйларды, табиғи және экологиялық өнімдерді ұсынады.

Қолөнершілер жәрмеңкесі аясында 25-27 қыркүйек күндері Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде VII Халықаралық «Voice of Turan — 2026» қазақ әндері фестивалі өтеді.

– Қазақ әндерін және қазақстандық авторлардың үздік шығармаларын халықаралық деңгейде насихаттайтын мәдени жоба биыл жетінші рет ұйымдастырылмақ. Фестивальге 20 елден өнерпаздар қатысады. Атап айтқанда, Франция, Испания, Италия, Сан-Марино, Тунис, Венесуэла, Индонезия, Ватикан, Беларусь, Болгария, Тыва, Грузия, Армения, Мексика, Марокко, Куба, Гвинея, Қарачай Республикасы, Башқұртстан және Бразилиядан өнерпаздар Түркістанда төрінде өнер көрсетеді, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Фестиваль аясында 25 қыркүйек күні әлемге танымал өнерпаздардың қатысуымен «Zhibek zholy әуендері» ауқымды гала-концерті өтеді. Ал, 26 қыркүйекте ерекше кезеңдердің бірі — «Жұлдызды жұп» бағдарламасы көрермен назарына ұсынылады. Бұл күні фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, шетелдік қатысушылар Қазақстанның танымал өнер шеберлерімен бірге қазақ әндері мен заманауи хиттерді орындайды. 27 қыркүйек күні фестивальдің «Қазақ әні» кезеңі бастау алады. Қатысушылар қазақтың халық әндерін, қазақ композиторлар шығармаларын орындайды.

Сонымен қатар 26 қыркүйекте қолөнершілер жәрмеңкесі аясында Business Tourism Trend Forum өтеді. Мұнда өндірушілер, туроператорлар, кәсіпкерлер, сатып алушылар, дистрибьюторлар және әлеуетті серіктестер бір алаңда кездеседі.

Айта кетсек, биылғы жәрмеңкенің ерекшелігі – Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп, республикалық «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистерін Түркістан алаңына шақыру. Бұл бастама ауылдық жерлердегі шағын өндірушілердің өнімдерін кең аудиторияға таныстырып, туристермен және бизнес өкілдерімен байланыс орнатуына мүмкіндік береді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы пост

Түркістанда әлемнің 20 елінен келген өнерпаздар қазақ әндерін орындайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  
« Авг    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі