Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен және «Бәйтерек жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Кентау жоғары гуманитарлық техникалық колледжінің студенттері арасында нашақорлықтың алдын алу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесу барысында студенттерге есірткі заттарының адам денсаулығына тигізетін зияны, оның жеке адамға, отбасына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар зиянды әдеттерден аулақ болу, бос уақытты тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.
Іс-шараға Түркістан облысы, Кентау қаласында қызмет атқаратын нарколог-психиатр дәрігер Смайлова Әсем Әділханқызы қатысып, студенттермен ашық пікір алмасты. Маман нашақорлыққа әкелетін негізгі факторларға тоқталып, есірткіге тәуелділіктің алдын алу жолдары мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде пайдалы ақпарат берді.
Іс-шара барысында Оспанова Нұргүл Қалдаршақызы, полиция лейтенанты Тұрдыбаева Ақнәзік Нұрланқызы және Дәрібаева Арайлым Бекжанқызы сөз сөйлеп, отбасы құндылықтары, өзара сыйластық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы айтты. Жастарды бір-бірін құрметтеп, жақындарына қолдау көрсетуге шақырды.
Кездесу соңында студенттерге есірткі заттарының адам денсаулығына кері әсері мен оның алдын алу шаралары түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды. Қатысушылар мамандарға сұрақтарын қойып, қажетті ақпараттармен бөлісті.
Есірткісіз өмір – жарқын болашақ!
Салауатты өмірді бірге таңдайық!



