Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ТҰРАҚТЫ

24 сентября, 2026
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ТҰРАҚТЫ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауы мен тапсырмалары аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер жоспары толығымен орындалып, қысқа мерзімді экономикалық өсім 121,9%-ды құрады. Осылайша, Түркістан облысы республика бойынша 1 орынға тұрақтады.
Облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен өткен жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланып, бюджеттің атқарылуы мен алдағы міндеттер талқыланды.
Облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек жауапты басшыларға экономикалық өсімді қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар берді.
– Негізгі экономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсімін қамтамасыз етіп, әрбір сала бойынша белгіленген жоспарлардың орындалуын қатаң бақылауда ұстаңыздар. Әсіресе, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, өндіріс көлемін арттыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырамын. Сондай-ақ, бөлінген қаржылардың мерзімінде және сапалы игерілуін қамтамасыз етіңіздер, – деді Қанат Қайыпбек.
Жиында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Күмісбек Жаппар Түркістан облысының 2026 жылғы 8 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, есепті кезеңде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы сақталды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,2 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 127,9%-ды құрады. Саладағы жоғары өсім өңдеу және тау-кен өндірісіндегі көрсеткіштердің артуы есебінен қамтамасыз етілді.
Өңдеу өнеркәсібінде 588,9 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 141,5%-ды құрады. Есепті кезеңге белгіленген жоспар артығымен орындалды. Ал тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 510,8 млрд теңгеге жетіп, өсім 117,9%-ды құрады. Бұл бағыт бойынша жоспар толық орындалды.
Ауыл шаруашылығында 714,4 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім қарқыны 109,5%-ға жетті. Оның ішінде, мал шаруашылығында 360,1 млрд теңгенің, өсімдік шаруашылығында 346,9 млрд теңгенің өнімі өндірілді.
Жыл басынан бері негізгі капиталға 1,1 трлн теңге инвестиция бағытталып, өсім 134,4%-ды құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 403,8 млрд теңгеге жетіп, өсім 123,5% деңгейінде қалыптасты. Есепті кезеңде 718,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өсім 107,4%-ды құрады. Барлық аудан мен қалада жоспарлы көрсеткіштер толық орындалды.
Сауда көлемі 713,2 млрд теңгені құрап, өсім қарқыны 127,9%-ға жетті. Көлік және қоймалау қызметтерінің жалпы көлемі 211 млрд теңгеге жетіп, өсім 112,4%-ды құрады. Ал байланыс қызметтерінің көлемі 8,8 млрд теңгеге жетіп, өсім 110,8% деңгейінде қалыптасты.
Сонымен қатар жиын барысында облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Гүлфари Ажиметованың бюджеттің атқарылуы бойынша есебі тыңдалды. Оның мәлімдеуінше, өңірлер арасында Түркістан облысы шығыстар жоспарының орындалуы бойынша 3 орынға тұрақтады.
Жалпы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы облыс басшысының қатаң бақылауында. Алдағы уақытта жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмыстар жалғасады.

Алдыңғы пост

Отбасылық жанжал – құқықтық жауапкершілік

Келесі жаңалық

Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстанның берік іргетасы!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  
« Авг    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі