Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

6 октября, 2026
in Қоғам
0
ҰСТАЗ ЕҢБЕГІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ұстаздар күні қарсаңында «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Ұстаз айтса» диалогтық алаңы өтті. Басқосуда білім саласының өзекті мәселелері сөз болып, ұстаздардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар, шәкірт тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып жүрген бірқатар педагогке алғыс хаттар табысталды.

Жиынға «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қалалық мәслихаттың төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, партия филиалы төрағасының орынбасары Ербол Байқонысов, партия филиалы жанындағы «Әйелдер қанатының» жетекшісі Наргиза Керимбаева және қала мектептерінің ұстаздары қатысты.

Кездесу барысында ұстаздар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, білім беру сапасын арттыру, мұғалімнің қоғамдағы мәртебесін көтеру және жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойларымен бөлісті.

Мұрат Жолдыхожаев ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, білім беру саласының дамуына қосып жүрген еңбектері үшін алғысын білдірді.

«Біз әрдайым білім беру саласының мекемелерімен тығыз жұмыс істеп келеміз. Себебі мектеп – тек білім беретін орын ғана емес, баланың тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін маңызды орта. Ал сол ортаның сапасы ең алдымен ұстаздың еңбегіне байланысты. Бүгінгі кездесуде өз ойларыңызды ашық айтып, ұсыныстарыңызбен бөліскендеріңіз үшін алғысым шексіз. Ұстаз еңбегі бір күндік мерекемен ғана бағаланбайды. Сіздердің күнделікті атқарып жүрген жұмыстарыңыз – елдің болашағына жасалған инвестиция. Сондықтан алдағы уақытта да білім беру саласының өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеп, көтерілген мәселелерді шешуге өз тарапымыздан қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді Мұрат Жолдыхожаев.

Ұстаздар қауымы атынан сөз сөйлеген Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлжан Сүгірбаева мұндай кездесулердің педагогтер үшін маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, ұстаздардың пікірін тыңдап, ұсыныстарын ашық талқылауға мүмкіндік беру – білім саласындағы мәселелерді шешуге оң ықпал етеді.

«Ұстаз үшін ең үлкен марапат – шәкіртінің жетістігін көру. Дегенмен мұғалім еңбегінің бағаланып, қоғам тарапынан қолдау көрсетілуі де бізге үлкен күш береді. Бүгінгі кездесуде ұстаздардың пікіріне құлақ асып, еңбегімізге құрмет көрсетіп отырғандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Мұндай ашық диалогтардың жалғаса бергенін қалаймыз», – деді Жадыра Беркімбаева.

Tags: Ұстаздар күні
Алдыңғы пост

СУДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ – ТҮРКІСТАННЫҢ АГРАРЛЫҚ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Октябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сен    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі