Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Сұхбат

Бейінді мамандар қазақстандықтарға кеңес береді: өңірлерде «Әділет Керуені» көшпелі қабылдаулары басталды

9 октября, 2026
in Сұхбат, Қоғам
0
Бейінді мамандар қазақстандықтарға кеңес береді: өңірлерде «Әділет Керуені» көшпелі қабылдаулары басталды
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары тұрғылықты жері бойынша медициналық, құқықтық және консультациялық тегін кеңес алды. «Әділет Керуені» партиялық акциясы аясында Күршім, Шемонаиха, Марқакөл, Зайсан және Тарбағатай аудандарында көшпелі қабылдаулар өтті. Алдағы уақытта осы жоба тәжірибесін еліміздің өзге өңірлерінде жалғастыру жоспарланып отыр.

Көшпелі қабылдаулар барысында балаларға ерекше көңіл бөлінді. 40 балаға логопед-дефектолог, психолог, бейімделген дене шынықтыру маманы және педиатр кеңес берді. Тексеру қорытындысы бойынша қазан айында бес балаға тегін оңалту шаралары ұйымдастырылады.

Жалпы, 462 адамға медициналық көмек көрсетіліп, соның ішінде 389 адамды дәрігер-онкологтар қабылдады. Бұл ретте, он адам онкологқа алғаш рет жүгініп отыр. Енді олар қосымша тексеруден өту үшін облыс орталығына жіберіледі.

Сонымен қатар 33 адам АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша консультациядан өтті.

«Бейінді мамандардың ауданға келуі тұрғындардың кеңес алуын және дәрігерге жүгіну ісін кейінге қалдырмауын айтарлықтай жеңілдетеді. Бірнеше маманға сұрақ қою және бірден қажетті ұсыным алу мүмкіндігі болғаны – аса маңызды», – деді Күршім ауданының тұрғыны Владимир Петров.

«Әділет Керуені» негізгі бағыттарының бірі – аурулардың алдын алу және оларды ерте анықтау. Көшпелі қабылдаулар барысында мамандар тұрғындарға денсаулықтың қандай өзгерістеріне мән беру және қай кезде дәрігерге жүгіну қажет екенін де түсіндіруде.

«Бастапқы кезеңде көп аурудың айқын белгілер болмауы мүмкін. Сондықтан профилактикалық тексеруден өту және маманға дер кезінде жүгіну – аса маңызды. Көшпелі қабылдаулар барысында тұрғындарға тек кеңес беріп қана қоймай, денсаулықтың қандай өзгерістеріне назар аудару қажет екенін түсіндіруге тырысамыз», – деді дәрігер-онколог Ербол Құсайынов.

Медициналық консультациялардан бөлек, тұрғындарға заңгерлер мен сот орындаушылары құқықтық көмек көрсетті. Сондай-ақ азаматтар тұрғын үй мәселесі бойынша «Отбасы банкі» мамандарынан кеңес алып, депутаттардың қоғамдық қабылдау бөлмесіне де жүгінді.

Алдағы уақытта «Әділет Керуенін» еліміздің өзге да өңірлерінде өткізу жоспарланып отыр. Мұндай формат шалғай елді мекендердің тұрғындарына облыс орталығына бармай-ақ қажетті көмек алуға мүмкіндік береді.

Партияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды ресми Telegram-арнамыздан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyas

Алдыңғы пост

БІРГЕ ОҚИМЫЗ, БІРГЕ ОЙЛАЙМЫЗ!

Келесі жаңалық

Казахстанцы смогут получить консультации профильных специалистов: в регионах стартуют выездные приемы «Әділет Керуені»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Октябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сен    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі