Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Дін

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

14 октября, 2026
in Дін, Қоғам
0
ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында «Діни тұрақтылық – қоғам қауіпсіздігінің негізі» тақырыбында әйелдер қауымы, пробация есебіндегі азаматтар мен жастарға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтті.

14 қазанда ұйымдастырылған кездесулердің негізгі мақсаты – діни сауаттылықты арттыру, қоғамдық келісімді нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Кездесулерге теологтар мен психологтар спикер ретінде қатысып, діни сауаттылықты арттыру, теріс діни идеологияның алдын алу, психологиялық тұрақтылықты сақтау және өмірлік қиындықтарды еңсеру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әйелдер қауымымен өткен кездесуде отбасы тәрбиесі, бала бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіру және жас ұрпақтың дұрыс дүниетанымын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Ал жастар мен пробация есебіндегі азаматтарға арналған кездесуде әлеуметтік бейімделу, жеке жауапкершілікті арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және теріс діни идеологияның ықпалына қарсы тұру мәселелеріне басымдық берілді. Мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, діни мәселелерге қатысты ақпаратты сенімді дереккөздерден алудың және психологиялық қолдаудың маңыздылығын түсіндірді.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Келесі жаңалық

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Октябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сен    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі