Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қазақстан

«Әділет» партиясы «Менің Елім — Менің Туым» акциясын бастады

22 октября, 2026
in Қазақстан
0
«Әділет» партиясы «Менің Елім — Менің Туым» акциясын бастады
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан аумағында 5 мыңға жуық ту ілінеді

«Әділет» партиясы «Менің Елім — Менің Туым» акциясын бастады: Қазақстан аумағында 5 мыңға жуық ту ілінеді

Қазақстандағы қалалар мен ауылдарда Республика күніне орай 5 мыңға жуық мемлекеттік ту ілінеді. «Әділет» партиясының жастар қанаты «Менің Елім – Менің Туым» патриоттық акциясын ұйымдастырды. 25 қазанға дейін жалғасатын акция еліміздің барлық өңірін қамтып, мыңнан астам белсенді жасты, спортшыны, кәсіпкер мен тұрғынды ұйыстырады.

Мемлекеттік ту бүкіл ел аумағындағы тұрғын үйлер мен ұйымдардың ғимараттарына ілінеді. Бастама мемлекеттік рәміздерді күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыруды және қазақстандықтарды ортақ ұлттық құндылықтар төңірегіне топтастыруды мақсат етеді.

Акция Алматы қаласындағы «Медеу» мұз айдынында басталды. Мұнда 500-ге жуық адам Қазақстанның Мемлекеттік туын желбіретіп, Әнұран орындады және KZ жазуы пішінінде сапқа тұрды. Ал Астанада ту Республика даңғылының бойындағы тұрғын үйлерге ілінді. Қарағандыда акцияға студенттер қауымы қосылды: партия жастар қанатының белсенділері Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің жатақханасына мемлекеттік туды ілді.

Іс-шараға қатысқан Құралай Баймолдина аталған акцияның жастар үшін маңызы мен осындай дәстүрді сақтаудың мәніне тоқталып, өз пікірімен бөлісті.

«Мұндай бастамалар құрдастарымның бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастырып, туған жерге деген құрметімізді арттырады. Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл акция баршамызды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретініне сенімдімін», – деді ол.

Республика күні қарсаңындағы іс-шараға Шымкент қаласының жастары да қосылды. Мұнда Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты викторина өтті.

«Бүгінгі викторина – біз үшін өте қызықты әрі пайдалы. Ойын барысында еліміздің тарихы, мәдениеті мен ұлттық құндылықтары туралы білімімізді тексеріп, көптеген жаңа мәлімет алдық. Мұндай іс-шаралар дүниетанымды кеңейтіп, білімге деген қызығушылықты арттырады, сондай-ақ топтасып жұмыс істеуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді», – деді викторинаға қатысушы Диас Базаралыұлы.

Мерекелік бағдарлама патриоттық акциялардан бастап, жастарға арналған танымдық ойындарға дейінгі түрлі форматтағы іс-шараларды қамтыды. Олардың ортақ мақсатын «Әділет» партиясы жастар қанатының өкілдері атап өтті.

«Мемлекеттік ту – тәуелсіздігіміз бен бірлігіміздің, сондай-ақ еліміздің болашағы үшін ортақ жауапкершілігіміздің символы. Мұндай бастамалар патриотизмді нығайтуға және өз еңбегімен, белсенді азаматтық ұстанымымен Қазақстанның дамуына үлес қосатын жасампаз ұлт қалыптастыруға ықпал етеді», – деді «Жастар Рухы» жастар қанаты төрағасының міндетін атқарушы Ержан Хамитов.

Айта кетейік, «Менің Елім – Менің Туым» акциясы 25 қазанға дейін жалғасып, Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралардың бір бөлігіне айналады. Салт-дәстүрді сақтау, тарихқа құрметпен қарау және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету – «Әділет» партиясы атқарып жатқан жұмыстың маңызды бағыты болып қала береді.

Анықтама: Республика күні 25 қазанда атап өтіледі. 1990 жылы дәл осы күні Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, ол Қазақстанның Тәуелсіздікке жету жолындағы маңызды кезеңге айналды. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мерекеге ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды.

 

Алдыңғы пост

Түркістан облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық қарқынды жүріп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Октябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сен    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі