Шымкент қалалық сайлауалды штаб мүшелері «Назар-Текстиль» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кандидаттар кәсіпорын ұжымына өздерінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өндірісті дамыту, отандық кәсіпорындарды қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелеріне тоқталды.
«Назар-Текстиль» ЖШС – Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан отандық өндіріс орындарының бірі. Кәсіпорын кілем және кілем бұйымдарын өндіруге маманданған. Өндіріс орнының жұмысы отандық өнеркәсіптің дамуына, өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға және жергілікті еңбек нарығын дамытуға бағытталған.
Кездесу соңында тараптар өзара пікір алмасып, кәсіпорын қызметкерлері тарапынан айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер назарға алынды. Өз кезегінде кандидаттар еңбек ұжымымен ашық диалог орнатудың, өндіріс саласының тыныс-тіршілігімен танысудың және жұмысшылардың пікірін ескерудің маңыздылығын атап өтті.
Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
