Сарапшы: Туризм саласының маманы
Президент Жолдауында экономиканың жаңа бағыттарын дамыту, инвестиция тарту және қызмет көрсету саласының әлеуетін арттыру міндеттері белгіленді. Осы тұрғыдан алғанда Түркістан облысының туристік мүмкіндіктері ерекше назар аударуға лайық.
Түркістан – халықаралық деңгейде танымал тарихи-мәдени орталық. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Отырар қалашығы, Арыстанбаб кесенесі, Сауран қалашығы және өңірдің табиғи туристік орындары ішкі және шетелдік саяхатшылар үшін үлкен қызығушылық тудырады.
2025 жылы облысқа келген туристер саны шамамен 304 мың адамды құраса, 2026 жылдың алғашқы бес айында бұл көрсеткіш 143 мыңнан асты.
Туристер ағынының артуы қонақүйлер, қоғамдық тамақтану орындары, көлік қызметі, гидтер мен қолөнер шеберлерінің жұмысына оң әсер етеді.
Дегенмен туризмді дамытудың келесі кезеңінде туристік бағыттарды әртараптандыру, аудандардағы тарихи нысандарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, халықаралық жарнаманы күшейту және сапалы сервисті қалыптастыру маңызды.
Туризм – тек тарихи орындарды таныстыру емес, ол жаңа жұмыс орындарын ашатын, шағын және орта бизнесті дамытатын экономиканың маңызды саласы.
