Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ТАРИХИ ЖЕҢІСІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

9 ноября, 2026
in Мәдениет, Қоғам
0
«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ТАРИХИ ЖЕҢІСІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аталып өтетін жылы Шымкент отандық спорт тарихындағы тағы бір айтулы жетістікті атап өтуде. «Ордабасы» футбол клубы өз тарихында алғаш рет бір маусымда Қазақстан чемпионы атанумен қатар ел Кубогын жеңіп алды. Осылайша клуб тарихи «алтын дубль» жасады.

Астана алаңында мыңдаған жанкүйерді, қала тұрғындары мен қонақтарын біріктірген ауқымды мерекелік кеш өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, футболшыларды, жаттықтырушылар штабын және жанкүйерлерді тарихи жетістігімен құттықтады, командаға жаңа жеңістер мен халықаралық аренада табыс тіледі.

Кештің басты оқиғасы футболшылар мен жаттықтырушылар штабын марапаттау рәсімі болды. Командаға Қазақстан чемпионатының алтын медальдары табысталып, чемпиондық кубок салтанатты түрде тапсырылды. Мерекелік көңіл-күйді танымал өнерпаздардың концерттік бағдарламасы одан әрі қыздыра түсті.

Биылғы маусым шымкенттік клубтың тарихындағы ең табысты кезеңдердің бірі болды. 25 қазанда «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасында бірінші орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Чемпионат қорытындысы бойынша команда 68 ұпай жинап, 30 матчта 21 рет жеңіске жетті.

Бұл – клуб тарихындағы екінші чемпиондық атақ. Команда алғаш рет 2023 жылы ел чемпионы атанған болатын.

Тағы бір маңызды жетістік – Қазақстан Кубогының финалындағы жеңіс. 7 қарашада «Түркістан Арена» стадионында «Ордабасы» қызылордалық «Қайсарды» 4:1 есебімен сенімді түрде жеңді.

Осылайша клуб ұлттық Кубокқа үшінші рер иеленіп отыр. Бұған дейін команда 2011 және 2022 жылдары Кубок иегері атанған. Ал чемпиондық атақ пен ел Кубогын бір маусымда қатар иелену клуб тарихында алғаш рет орын алып, тарихи «алтын дубль» тіркелді.

Сонымен қатар, клуб 2012 жылы Қазақстан Суперкубогын да жеңіп алған болатын.

Шымкенттік футбол клубының тарихы бірнеше онжылдықты қамтып, бастауы 1976 жылы «Мелиоратор» командасының құрылуынан басталады. Қазіргі «Ордабасы» клубы 2003 жылы құрылып, елімізге танымал футбол командалардың біріне айналды.

Бұл жетістік – команда жоғары мақсаттарын айқындап, ең биік белестер үшін күресуге қабілетті екенін дәлелдеген маусымның нәтижесі. Чемпиондық атаққа ие болған «Ордабасы» келесі маусымда УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Қазақстан намысын қорғайды.

Айта кетейік, клубтың тарихи жеңісі Шымкенттің спорттық өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, қала тұрғындары үшін тағы бір мақтанышқа айналып отыр. Жанкүйерлердің қолдауы, команданың биік мақсаттарға ұмтылысы шымкенттіктерді ортақ жеңіс төңірегіне біріктірді.

Мерекелік кеш футбол маусымының лайықты қорытындысы болып, Шымкент спортының тарихына жаңа бет қосқан команданы ұлықтауға арналды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: Шымкент
Алдыңғы пост

«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ЧЕМПИОНДЫҒЫН БІРГЕ АТАП ӨТЕЙІК

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ДАҢҚТЫ ҚОЛБАСШЫ САБЫР РАҚЫМОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН XXX ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Окт    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі