Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАНҒА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН НАСИХАТТАУ МАҚСАТТЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ

12 ноября, 2026
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАНҒА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН НАСИХАТТАУ МАҚСАТТЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында республикалық жұмыс тобы Түркістан облысына келді. Республикалық топ құрамында ҚР Құрылтайының депутаты Дихан Қамзабекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Абдулла Исматуллаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова және ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев бар. Жұмыс сапары аясында республикалық жұмыс тобы Түркістан қаласындағы бірқатар әлеуметтік және қоғамдық нысандарға барып, азаматтық қоғам өкілдерімен, ғылыми қауымдастықпен, студенттермен, қала тұрғындарымен және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Алғашқы кездесу «Достық үйінде» азаматтық қоғам институттарының өкілдерімен өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанар Бектаева және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов қатысып, облыс аумағында Жолдау аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Басқосуда Жолдауда белгіленген стратегиялық міндеттер, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, жастардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері талқыланды. Кездесуге өңірдегі қоғамдық ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты. Басқосу барысында сөз алған ҚР Құрылтайының депутаты, ғалым Дихан Қамзабекұлы Жолдаудың басым бағыттары тоқталды.
«Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында көтерілген идеологиялық бағыттардың маңызы зор. Себебі елдің дамуы тек экономикалық өсіммен немесе инфрақұрылымдық жаңарумен өлшенбейді. Ол ең алдымен азаматтардың санасына, қоғамдағы құндылықтарға және ортақ жауапкершілікке байланысты. Бүгінде бізге білімді, еңбекқор, отаншыл әрі жаңашыл ұрпақ қажет. Осы тұрғыдан алғанда, адалдық, әділдік, заңға құрмет, қоғамдық келісім және жауапкершілік қағидаттарын нығайту – стратегиялық міндеттердің бірі. Әсіресе, жастардың бойында елге қызмет ету, ұлттық құндылықтарды сақтау және заманауи технологияларды меңгеру мәдениетін қалыптастыру маңызды. Менің ойымша, Жолдаудағы идеологиялық бастамалар әр азаматтың күнделікті өмірінен көрініс табуы тиіс. Өйткені Отанға деген сүйіспеншілік құр сөзбен емес, адал еңбекпен, сапалы біліммен, қоғамдық іске белсенді араласумен және ел болашағына бейжай қарамаумен өлшенеді. Елдің жаңа тарихи кезеңдегі табысты дамуы ең алдымен саналы қоғам мен ортақ құндылықтарға негізделген азаматтық жауапкершіліктен басталады» — деді Дихан Қамзабекұлы.
Одан кейін жұмыс тобы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ға барып, оқу ордасының ғылыми қоғамдастығы мен оқытушы-профессорлар құрамымен кездесу өтті. Жиында білім мен ғылымды дамыту, ғылыми әлеуетті арттыру, қоғамдық келісім, аграрлық секторды жаңғырту және су ресурстарын тиімді пайдалану бағыттары сөз болды. Одан кейін жұмысшы топ өкілдері шаһардағы «Ұлы Дала елі» орталығында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттерімен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы басымдықтар түсіндіріліп, жастардың ел дамуына қосар үлесі, азаматтық жауапкершілік, ұлттық бірлік, ауыл шаруашылығы мен су ресурстарын тиімді басқару мәселелері талқыланады. Студенттер жиын барысында өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Алдыңғы пост

Әл-Фараби ауданында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кездесу өтті

Келесі жаңалық

Тұран ауданында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Окт    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: +7 775 799 90 99
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі