Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қазақстан

ЖОЛДАУ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

12 ноября, 2026
in Қазақстан, Қоғам
0
ЖОЛДАУ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында республикалық жұмыс тобы Түркістан қалалық Мәдениет үйінде қала тұрғындарымен, зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Делегация құрамында ҚР Құрылтайының депутаты Дихан Қамзабекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Абдулла Исматуллаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова және ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев бар. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысты. Басқосуда экономиканы жаңғырту, шағын және орта бизнесті дамыту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу, сондай-ақ су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Жиын барысында жұмысшы топ өкілдері тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.
Жұмысшы топтың келесі кездесуі облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында жалғасты. Республикалық топ денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен жүздесіп, Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндірді. Кездесуде әлеуметтік саланың сапасын арттыру, медициналық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, инфрақұрылымды дамыту және саланы жаңғырту мәселелері талқыланады. Жалпы республикалық жұмыс тобының Түркістан облысына сапары Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген басым бағыттарды кеңінен түсіндіруге, мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерін тұрғындармен талқылауға және өңірдің өзекті мәселелері бойынша ұсыныстарды ортаға салуға бағытталған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Tags: Президент жолдауы
Алдыңғы пост

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАР «SHYMKENT BUS» КӘСІПОРНЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі жаңалық

ЖОЛДАУ: ЖҰМЫСШЫ ТОП ӨКІЛДЕРІ САУРАНДЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Окт    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: +7 775 799 90 99
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі