Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

НҰРШУАҚ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13 ноября, 2026
in Басты жаңалықтар
0
НҰРШУАҚ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

«Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Таймас Қамбатыров бастаған сайлауалды штаб мүшелері Абай ауданына қарасты Нұршуақ шағынауданындағы №2 «Талант» мектебінде тұрғындармен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген міндеттер талқыланып, партияның Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

Кездесуге партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ербол Байқонысов, Абай аудандық филиалының төрағасы Жандос Қамбарбеков, қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар, мектеп ұжымы мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Жиында сөз алған Таймас Қамбатыров Президент Жолдауында айтылған әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне тоқталды. Ол әсіресе тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту және қалалық инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы міндеттерге назар аударды.

Мемлекет басшысы Жолдауында азаматтарды толыққанды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету халықтың тұрмыс сапасын арттырудың маңызды шарты екенін атап өткен болатын. Осыған байланысты еліміздің барлық өңірінде әлеуметтік нысандар құрылысын жандандыру міндеті қойылды.

Атап айтқанда, Жолдауда республика бойынша 70-ке жуық денсаулық сақтау нысанын салу және 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемесінің құрылысын бастау көзделгені айтылды.

Бұл бағыттар «Әділет» партиясының Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасында да қамтылған. Бағдарламада білім беру инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жалпы 4800 орынға есептелген 16 мектеп салуға, мектепке дейінгі ұйымдарда 7500 жаңа орын ашуға атсалысу міндеттері көрсетілген. Сонымен қатар білім беру ұйымдарын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және техникалық мамандықтарға даярлау мәселелеріне көңіл бөлінген.

Таймас Қамбатыров қаланың дамуына қатысты бастамаларды жүзеге асыруда тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескерудің маңыздылығын атап өтті.

«Шымкент жылдан-жылға өсіп, тұрғындар саны артып келеді. Соған сәйкес халықтың күнделікті қажеттіліктері де көбейеді. Әсіресе, білім беру, медициналық қызмет көрсету және инфрақұрылым мәселелері үнемі назарда болуы тиіс. Біздің міндетіміз – тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ету. Сондықтан әрбір кездесуде айтылған ұсыныстарға мән беріп, нақты нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізу маңызды», – деді Таймас Қамбатыров.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, жолдардың сапасын жақсарту, ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты міндеттер де таныстырылды. Бұл бағыттар қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға арналған бағдарламалық шаралардың қатарында қарастырылған.

Өз кезегінде Ербол Байқонысов Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді жергілікті жерлерде түсіндіру жұмысына тоқталды. Оның айтуынша, тұрғындар үшін республикалық деңгейде қабылданған бастамалардың өздері тұратын ауданға қандай өзгеріс әкелетіні маңызды.

«Президент Жолдауында айтылған міндеттерді жалпы түсіндірумен шектелмеуіміз керек. Олардың Шымкент қаласының дамуына, тұрғындардың тұрмысына қалай әсер ететінін нақты мысалдармен жеткізу қажет. Мәселен, жаңа мектептер салу, білім беру ұйымдарының жағдайын жақсарту немесе коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту – әрбір отбасы үшін маңызды мәселелер. Сондықтан осындай кездесулерде тұрғындардың пікірін тыңдап, олардың нақты қажеттіліктеріне назар аударған жөн», – деді Ербол Байқонысов.

Жиын барысында жергілікті тұрғындар да сөз алып, өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Азаматтар бірқатар ұсыныс-тілектерін жеткізіп, партия өкілдерімен өзара пікір алмасты.

Кездесу соңында Таймас Қамбатыров тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынатынын айтып, алдағы уақытта да халықпен тікелей байланыс орнату жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.

Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Алдыңғы пост

Қаратау ауданында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Окт    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: +7 775 799 90 99
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі