Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«Кітап оқитын ұлт»: Ұлттық ұланның әскери бөлім кітапханасы түркі халықтарының әдебиеттерімен толықты

18 ноября, 2026
in Мәдениет, Қазақстан, Әдебиет
0
«Кітап оқитын ұлт»: Ұлттық ұланның әскери бөлім кітапханасы түркі халықтарының әдебиеттерімен толықты
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында Түркістан қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5574 әскери бөлімінің кітапхана қоры түркітілдес халықтардың әдебиеттерімен толықты.

✅Бұл бастама Түркістандағы Түркітілдес халықтар кітапханасы мен әскери бөлім арасында орнаған ынтымақтастықтың нәтижесінде жүзеге асуда. Тараптар арасындағы өзара байланыс әскери қызметшілердің кітап оқуға қызығушылығын арттырып, түрлі халықтардың әдеби және мәдени мұрасына қолжетімділігін кеңейтуді көздейді.

5574 әскери бөлімінде еліміздің әр өңірінен шақырылған, түрлі этнос өкілдерінен құралған сарбаздар қызмет етеді. Сондықтан кітапхана қорын олардың ана тіліндегі және өз халқының тарихы мен мәдениетін танытатын әдебиеттермен байытуға ерекше мән беріліп отыр. Қорға өзбек, ұйғыр, түрікмен, қырғыз, әзербайжан, татар және басқа да түркі халықтарының тілдеріндегі кітаптар қосылуда.

Жаңа әдебиеттер сарбаздарға өз ұлтының тарихын тереңірек танып, рухани мұрасын зерделеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар өзге халықтардың әдебиетімен танысу арқылы олардың мәдениеті мен дәстүріне деген құрмет қалыптастыруға жол ашады.

Айта кетейік, ұландықтардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған «BOOKGUARD» әдеби челленджі алғаш рет дәл осы 5574 әскери бөлімінде бастау алған. Жыл басынан бері жобаға Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қатысып, төрт мыңнан астам кітап оқыды.

Tags: Кітап оқитын ұлт
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА «САҚШЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Келесі жаңалық

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Окт    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: +7 775 799 90 99
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі