Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ «РАХАТ-ШЫМКЕНТ» КӘСІПОРНЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

4 ноября, 2026
in Басты жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ «РАХАТ-ШЫМКЕНТ» КӘСІПОРНЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Рахат-Шымкент» ЖШС-нің еңбек ұжымымен «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ербол Байқонысов, партияның Еңбекші аудандық филиалының төрағасы Мақсат Жолдасбеков және штаб мүшесі Үсен Асанханов кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, алдағы жоспарлар мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басымдықтар туралы баяндады. Сонымен қатар, еңбек адамдарының қоғамдағы орны, кәсіпкерлікті қолдау, өндіріс орындарын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мәселелеріне тоқталды.
«Рахат-Шымкент» ЖШС – Шымкент қаласындағы кондитерлік өнімдер өндіретін отандық кәсіпорындардың бірі. Зауытта вафли, печенье, карамель, зефир, мармелад және басқа да тәтті өнімдер шығарылады. Бүгінде кәсіпорында шамамен 776 адам тұрақты еңбек етеді. Өндірілген өнімдер еліміздің барлық өңірлеріне жеткізіліп, отандық нарықтың дамуына өзіндік үлес қосып келеді.
Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, кандидаттарға сұрақтарын қойды. Өз кезегінде үміткерлер ұсыныстар мен пікірлерді тыңдап, көтерілген мәселелердің маңыздылығына назар аударды.
Мұндай кездесулер еңбек ұжымдарымен тікелей байланыс орнатып, тұрғындардың талап-тілектері мен ұсыныстарын зерделеуге, ашық пікір алмасуға мүмкіндік береді.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.

Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Алдыңғы пост

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

Келесі жаңалық

Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі Әсел Жанасованы таныстырдыОлжас Бектенов жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі Әсел Жанасованы таныстырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Окт    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: +7 775 799 90 99
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі