«Әділет» партиясы Еңбекші аудандық филиалына қарасты «Оңтүстік текстиль» бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арналған кезекті кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қатысушылар Президент Жолдауында қамтылған маңызды мәселелерге тоқталып, еліміздің алдағы даму жоспарлары жөнінде пікір алмасты. Әсіресе, экономиканы әртараптандыру, отандық өндірісті өркендету, шағын және орта бизнесті қолдау, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағыттарына ерекше назар аударылды.
Жиында Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды жергілікті деңгейде жүзеге асырудың маңызы сөз болып, тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелерді шешу жолдары талқыланды.
Басқосу соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, Жолдауда белгіленген басымдықтарды іске асыруға бағытталған партиялық жұмыстарды жүйелі жалғастыру жөнінде пікір алмасты.
