«Әділет» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының «Мейірім» бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арналған мазмұнды кездесу өтті.
Жиын барысында Президент Жолдауында айқындалған ел дамуының негізгі бағыттары мен алдағы кезеңге қойылған міндеттер кеңінен талқыланды. Қатысушылар ұсынылған бастамалардың қоғам өміріндегі маңызына тоқталып, олардың өңірлердің дамуына тигізер ықпалын сөз етті.
Әсіресе, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, әлеуметтік мәселелерді шешу, жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру, инфрақұрылымды жаңғырту және экономикалық өсімді қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берілді.
Пікір алмасу барысында елдегі оң өзгерістерге қол жеткізу үшін мемлекеттік бастамаларды қолдаумен қатар, әрбір азаматтың қоғамдық өмірге белсенді араласуы қажеттігі айтылды. Қатысушылар ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс істеу мен жауапкершілікті арттырудың маңызын атап өтті.
Жолдауда көтерілген бастамалар – еліміздің алдағы даму бағдары. Осы бағыттағы жұмыстарды халық арасында түсіндіру және қоғамдық талқылауға ұсыну алдағы уақытта да жалғасын табады.
