Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

556 МЫҢ ТОННА МАҚТА, 592 МЛН ДОЛЛАР ЭКСПОРТ: ТҮРКІСТАН АГРАРЛЫҚ САЛАДА КӨШ БАСТАДЫ

26 ноября, 2026
in Қоғам
0
556 МЫҢ ТОННА МАҚТА, 592 МЛН ДОЛЛАР ЭКСПОРТ: ТҮРКІСТАН АГРАРЛЫҚ САЛАДА КӨШ БАСТАДЫ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған «AGROFEST TURKISTAN – 2026» фестивалі өтті.

Бүгінде өңірде 90 мыңға жуық агроқұрылым жұмыс істейді. Бұл – республикадағы жалпы көрсеткіштің 33 пайызы. Еліміздегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 14 пайызы Түркістан облысының үлесінде.

Биыл 10 айда өңірде 1 трлн 252 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, өсім 7 пайызды құрады. Салаға 236 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, экспорт көлемі 592 млн долларға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп. Қайта өңдеу өнімдерінің көлемі 150 млрд теңгеден асты.

«Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру, өндірісті жаңғырту және ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту жөнінде нақты міндеттер қойды. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жалғастырып, аграрлық әлеуетімізді толық іске асыруымыз қажет. Қол жеткізген жетістіктеріміз – ауыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегінің нәтижесі», – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

Биыл өңірде егіс көлемі 920 мың гектарға жетті. Диқандар 534 мың тонна астық, 1,7 млн тонна көкөніс пен картоп, 1,5 млн тонна бақша өнімдерін жинады. Мақта шаруашылығында тарихи рекорд тіркеліп, 556 мың тонна шитті мақта өндірілді. Өнімділік гектарына 32 центнерге жетті.

Мал шаруашылығында да экспорттық әлеует артып келеді. Қазақстаннан экспортталатын ірі қара мал етінің 80 пайызы, қой етінің 75 пайызы Түркістан облысында өндіріледі. Биыл 10 айда 35,5 мың тонна сиыр еті мен 25 мың тонна қой еті экспортталды.

Өңірде мақта-тоқыма және ет кластерлері дамып, жаңа өндіріс орындары ашылуда. Шардара ауданында жылына 150 мың тонна жүгері өңдейтін 32 млрд теңгелік зауыт іске қосылды. Су үнемдеу технологиялары енгізілген алқап көлемі 164 мың гектарға жетті.

Фестиваль аясында ауыл шаруашылығының үздік еңбеккерлері мен озат аудандар марапатталып, «Growmart AI» цифрлық агрохабын құру жөніндегі стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ауыл шаруашылығы өнімерінің жәрмеңкесі өтіп, өнімдер халыққа отыз пайыз төмен бағада ұсынылды.

Tags: Ауыл шаруашылығы
Алдыңғы пост

«МӘДЕНИЕТТЕР ДИАЛОГЫ – 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ТҮРКІСТАННЫҢ МӘРТЕБЕСІН БИІКТЕТТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ ҮШ ТІЛДЕ ЖАРЫҚ КӨРГЕН КІТАП ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Окт    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: +7 775 799 90 99
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі