Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Әлем

Грекияда дайверлерге батып кеткен кемелер мен ұшақтарға баруға рұқсат етілді

6 апреля, 2021
in Әлем
0
Грекияда дайверлерге батып кеткен кемелер мен ұшақтарға баруға рұқсат етілді
0
SHARES
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Грекияның Мәдениет министрлігі дайвингті жақсы көретін туристерге батып кеткен кемелер мен ұшақтарға баруға рұқсат берді, — деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы АТОР басылымына сілтеме жасап.

1868-1970 жылдар аралығындағы кезеңге жататын 91 нысанға баруға болады. Олар — негізінен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде батып кеткен әскери ұшақтар мен кемелер. 120 метрден аспайтын тереңдікте жатыр.

Мысалы, Эгей теңізіндегі Ираклия аралының жанында сүңгуірлер 11 метр тереңдікте жатқан германиялық Arado Ar196 ұшағын көре алады. Ол — Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әскери теңіз барлау кемесі.
1942 жылы Пелопоннес түбегінің оңтүстік-батысындағы Проти аралында белгісіз сауда кемесі батып кеткен. Оның қалай батқанын ешкім білмейді. Мүмкін сүңгуірлер кеменің неліктен апат болғанын және қай елдікі екенін анықтап, жаңалық ашып қалар.

Батып кеткен әскери ұшақтар мен кемелерге Аттика, Оңтүстік және Солтүстік Эгей аймақтарында, Орталық Македонияда, Батыс және Орталық Грекияда, Эпирде, Пелопоннес пен Фессалияда, Крит пен Ион аралдарында баруға рұқсат етіледі.

Келесі жаңалық

Прагада ерекше туристік карта пайда болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі